"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ: ҮЙЛЕР НЕГЕ СУЫҚ?

11.01.2021
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 9 қаңтар күні Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев пен «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Расылхан Жолдасов онлайн режимінде өткен баспасөз конференциясында жылу мәселесіне қатысты тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Өз сөзінде Амантай Өтелбаев жаңа жылмен қатар басталған аязды күндердегі қаладағы жылу жеткіліксіздігінің негізгі себептерін атап өтті. Бөлім басшысының айтуынша, көптеген үйлердің дайындық төлқұжаттары әлі тапсырылмаған. Сонымен қатар жүйеге заңсыз қосылу да жылу сапасына айтарлықтай әсер етеді. Оның үстіне өткен ғасырдың 80-жылдары салынған қазандықтардың ескіруі де негізгі себептердің бірі болып отыр. Амантай Хайроллаұлы әсіресе қаланың орталық бөлігінде мәселелер бар екенін атап өтті.

— Қалада 18 стандартты жылу көзі бар. Көмірмен байланысты туындаған мәселе жоқ. Барлық тұрғын үйлер мен басқа да нысандар жылумен, суық сумен толығымен қамтамасыз етілген. Егер колонкалар қатып қалса, оларды жылыту бойынша шаралар қабылдаймыз, — деді Амантай Өтелбаев.

Бөлім басшысының сөзінше, жылу жеткіліксіздігінің негізгі себебі — дайындық куәлігін тапсырмау және жылу жүйесіне заңсыз қосылу.

— Жылыту маусымына дейін барлық үй иелері дайындық туралы куәлікті әзірлеуі керек. Барлық көтергіштер жақсы жағдайда болуы тиіс. Бүгінде 1200 төлқұжаттың 450-і ғана тапсырылды. Көп қабатты тұрғын үйлердің шатыры және шатырдағы терезелері жабық, подъезде қос есік болуы керек. Біз, тұрғындардың өтініші бойынша, төтенше шараларды қабылдау үшін тұрғын үйлерді аралаудамыз. Жуырда Дулатов, 135 мекенжайына бардық. Ондағы бір пәтерде жылу бойынша ешқандай мәселе жоқ, бірақ қалған екі пәтер суық. Демек, жылудың таралуы бұзылған, яғни біреулер жылу жүйесіне заңсыз қосылған. Бұл жылу сапасына айтарлықтай әсер етеді. Шығыс, Энергетик кентерінде де осындай заңсыздықтар орын алған, — деді Амантай Өтелбаев.

«Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Расылхан Жолдасов оң жағалаудағы жылу тапшылығын сол жағалаудағы артық жылудың есебінен жабу жоспарланып отырғанын атап өтті.

— Барлық қазандықтар жылыту маусымы алдында дайындық сертификаттарын алады. Алайда қазір оң жағалауда жылу жеткіліксіздігі байқалып отыр. Ал сол жағалауда профицит бар. Мұны оң жағалаудағы жылу тапшылығын жабу үшін қолдануға болады,- деп атап өтті Расылхан Жолдасов.

Тікелей эфир барысында қала тұрғындары да сауалдарын қойды.

— Менің ойымша, қаланың 70 пайызы жылумен қамтамасыз етілген. Тек орталықта проблемалар бар. Қазір техникалық параметрлер зерттелуде. Орталықтағы жылу жеткіліксіздігін шешу үшін ескі көпір арқылы сол жағалаудан оң жағалауға құбырлар төселеді. Бүгінгі күні комиссия құрылып, әрбір өтініш қаралуда. Біз тұрғын үйлерді аралаудамыз. Кейбір көтергіштер мен батареялар жарамсыз болып қалған немесе жууды қажет етеді. Бұл мәселені меншік иелері өз бетімен шешуі керек. Біз ұсыныстар береміз, — деді Амантай Өтелбаев.

Расылхан Жолдасовтың айтуынша, қалаға көмір тұрақты түрде жеткізіліп отыр.

— Жылу жетіспеушілігі 35-ші кварталда және қаланың орталық бөлігінде сезіледі. Температура 20 градустан төмендегенде, осы аудандағы нысандар салқындай бастайды. Жылу көздерінде ірі апаттар болған жоқ. Шағын апаттық жағдайларды ретке келтірдік. Меморандумға сәйкес, біз биылғы жылыту маусымына 105 мың тонна көмір алдық. Күн сайын бізге 44 вагон көмір жеткізіледі. Көмір сапасына қатысты шағым жоқ, — деді «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Расылхан Жолдасов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

50 минут бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

1 час бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

1 час бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

1 час бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

1 час бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

2 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

2 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

2 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

2 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС