"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Футзал чемпионаты мәресіне жетті

21.04.2021
Футзал чемпионаты мәресіне жетті
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі әрбір қазақтың жүрегінде қалатыны анық. Себебі ол — көзі тірісінде Олимпиада чемпионы ретінде ғана емес, адамдық келбетімен де халқының құрметіне бөленген тұлға.

Жақсылық Үшкемпіровтің замандасы, белгілі спорт журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбаевтың «Қазақ қоғамы кімнен айырылғанын білесіздер ме? Білемін дейсіздер, әрине. Күрестен Олимпиада чемпионынан, әлем чемпионынан, Қазақстанның Еңбек ерінен айырылдық дерсіздер. Қате жоқ. Бірақ бұлар Жақсылықтың ту сыртынан жазылған, әркім оқи алатын атақ-даңқтары ғана. Бір жапырақ қана батыр жігіттің Отан үшін, ел үшін, ұлт үшін қажет, санасаң санына жетпес ұлы қасиеттерінің бәрі оның табиғатына жататын. Жақсылық – сөз бен істің адамы еді, екеуін де ар-ұятпен орындайтын! Жақсылық – мақсат қоя білу мен соған жету жолын өз қолымен салып көрсеткен феномен! Жақсылық чемпион болуды ғана емес, чемпион өзін қалай ұстауы керек екенін тұтас қазақ қоғамына сабақ ретінде көрсеткен ұстаз!» деуі оның адамдық қасиеттеріне берілген шынайы баға деп білеміз.

Өткен жылы, Тәуелсіздік күні қарсаңында, Көкпекті ауданында жаңадан салынған спорт кешенінде даңқты балуанның құрметіне арналып футбол чемпионаты бастау алған болатын. Төрт айға созылған бұл спорттық сайыста ауданның кілең мықтылары жиналған «Көкпекті», «Аманат», «Дос» құрама командалары, Үлкенбөкен ауылының, Тассай ауылының, Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектептің, Көкпекті орта мектебінің, спорт кешенінің құрама командалары үзбей ойын көрсетті. 20 сәуір күні  чемпионат мәресіне жетіп, үздік  командалар анықталды.

Футзал чемпионаты мәресіне жетті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы аудандық футзал чемпионатының жабылу рәсіміне даңқты балуанның көзін көрген аға буын өкілдері — Жақсылық ағаның досы Қайыртай Молғаждарұлы және  шәкірттері Нұрлан Алтынбекұлы мен Самат Аймуханұлы,  сондай-ақ спортшыларға демеушілік көрсеткен Жақсылық ағаның бауыры,  ауданымыздағы спорт жанашыры Болат Миғражұлы Бекпердинов қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов сөз алып, үздік ойын көрсеткен құрама командалардың ойыншыларына өз алғысын білдірді.

— Биыл әйгілі спортшы Жақсылық Үшкемпіров, тірі болса, жетпіс жасқа толар еді. Футзал чемпионаты Жақсылық ағаның құрметіне ұйымдастырылып, оның мерейтойы қарсаңында мәресіне жетіп отыр. Атақты ағамыздың құрметіне арналған сайыс алғаш рет Көкпекті ауданында өтті. Сол үшін аудан әкімі Раджан Қайрқанұлы мен барша футбол командаларының ойыншыларына шынайы алғысымды білдіргім келеді,- деді  Нұрлан Алтынбекұлы.

Сонымен, Жақсылық Үшкемпіров атындағы чемпионат қорытындысы қандай болды? Тартысты өткен сайыста сегіз құрама командалар арасында үздік ойын өрнегін көрсеткен «Көкпекті» құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді, ал екінші орынды «Аманат» құрамасы, үшінші орынды  Көкпекті орта мектебі ойыншылары қанжығаларына байлап, медальдармен марапатталды.

Футзал чемпионаты мәресіне жетті

Біз, қазақ, қай кезде болмасын, жақсы адамды үлгі тұтып, көкке көтеріп, қошемет көрсететін халықпыз. Жақсылық аға тірі кезінде сондай құрмет-қошеметке ие болды. Оның өмір жолы қазіргі және келер ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек. Балуанның құрметіне арналған спорттық шараны алғаш рет Көкпекті ауданы өткізіп отыр. Алдағы уақытта мұндай сайыстар ел көлемінде жалғасын табатыны анық. Мәңгілік сапарға аттанған даңқты балуанның жақсы аты туған халқы барда өшпек емес.

Барша аудан тұрғындары атынан осындай жауапты іс-шараны ұйымдастыруға бастамашы болып, абыроймен өткізген жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің директоры  Аслан Танысбаевқа және  «Жұлдыз» газетінің бас редакторы Дархан Бердібекке алғысымызды білдіреміз.

Аяжан АМАНТАЙҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Мақалада: Жақсылық ҮшкемпіровКөкпектіфутзал чемпионаты

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

15.07.2025
Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

Semeytany.kz – Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

15.07.2025
(Еске сала кетейік, жарияланған фотосуреттер биылғы 8 мамырда түсірілген.)

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли «Халық қаһарманы» атағының иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің қайтыс болуына байланысты...

Толығырақ...Details

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

15.07.2025
Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

Әлеумет | Қауіпсіздік Semeytany.kz – Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында өңірдегі орман...

Толығырақ...Details

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

15.07.2025
Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

Әлеумет | Агросектор Semeytany.kz – Абай облысында 2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды. Бұл туралы өңірлік кеңейтілген аппарат...

Толығырақ...Details

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

15.07.2025
Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

Semeytany.kz – Беларусь Республикасындағы «Зубренок» ұлттық балалар білім беру орталығында өткен «Достастық балалары» атты X халықаралық форумға Абай облысының оқушылары...

Толығырақ...Details

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

14.07.2025
Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

Semeytany.kz – Абай облысындағы Геологиялық барлау колледжінде өткен ІІ Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Апталық білім бәйгесіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетпек

13 часов бұрын

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

13 часов бұрын

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

1 день бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

1 день бұрын

Абай облысында ауыл санағына дайындық қызу жүріп жатыр

1 день бұрын

Облыс әкімі Чехия Парламенті депутаттар палатасының вице-спикері Ян Бартошекпен кездесті

1 день бұрын

Абай облысының оқушылары халықаралық форумда ел абыройын асқақтатты

1 день бұрын

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

1 день бұрын

Семейде Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік басталады

1 день бұрын

Абай ауданында Абайдың 180 жылдығына орай этно-қалашық құрылады

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС