"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Міржақып есімі елеусіз, Кандюринге құрмет ерекше

09.02.2021
Міржақып есімі елеусіз, Кандюринге құрмет ерекше
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаза-жаза жауыр болған жәйітті бүгін тағы да сөз еткелі отырмыз… Әрине тақырыптың жоқтығынан емес, жазғанымыз тиісті басшылардың жетесіне жетпей жатқандықтан…

Майқапшағай кеден бекетінен кіре берісте орналасқан  Зайсан ауданы шекарадан өткен  сырт көзге қазақ елінің бүгінгі тыныс-тіршілігін паш ететін бірден-бір өңір. Сондықтан ауданның ажары мен даму қарқынына қоса  әр көшенің , әр ауылдың , мектеп –мекеменің атауына  бұл жерде ерекше  мән берілу керектігі айтпасақ та белгілі.Алайда отарлық сананың қамытын бұзып-жарып шығып,  тәуелсіздігімізді алғанымызға 30  жыл өтсе де шығыстағы  жайсаң мекен  Зайсанда  қанышер Кандюрин  әлі де асқақтап , өз өктемдігін жүргізіп тұрғандай…Аудан орталығындағы  үлкен көше қанышердің есімімен аталған. Қандықол Кандюрин жайлы мәліметтерден хабардар тұрғындардың  мысын басып тұрған осы көшенің атын ауыстыру жайлы қанша айтылса да нәтиже шығар емес.  Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Зайсанда « басқалар не дейді?» деп жалтақтауға  да негіз жоқ. Ендеше қанышердің есімін  асқақтатып  тұрған да  өзге емес, өз бауырларымыз…

   Зайсандықтардың,  әсіресе ауданның бүгінгі басшысы Серік Зайнулдиннің  Кондюринге құрмет ерекше!!! Олай дейтін себебіміз біздің газетте бұл тақырып бірнеше мәрте жазылды.  Өткен жылдың 9 маусымы күні  «Кондюрин көшесінен өткендегі көңіл күйіңіз қалай, Серік Зинабекұлы?» деген мақаламыз да жарық көрген болатын. Өкінішке орай аудан басшысы да оның қосшылары да жазғанымызға елең еткен жоқ. Өткен жылы бүкіл қазақ елі Абайдың 175 жылдығына  тарту  ретінде жөндеу жұмысын  ақын атындағы көшелерден бастаса,  Зайсан  ауданы  жаз бойы Кондюрин көшесін  әспеттеумен әбігер болғанын желідегі аудан әкімі Серік Зайнулдиннің жазбаларынан байқап отырдық. 2020 жылдың жаз маусымында Зайсанда  Кондюрин көшесінің бойы  ерекше  көркейтіліп,  «Арбат» салынды.Көшені көріктендірген дұрыс-ау, алайда  ең бірінші сол жұмысты көше атауын өзгертуден бастаған орынды болар ма  еді.

 Көпшілікке түсінікті болу үшін айта кетейік, Кондюрин деген кім?

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы зобалаң кезінде амалсыздан Шығыс Түркістанды бетке алған  қандастарымыздың қаны қолында кеткен, қыздарын зорлап,  жас демей, кәрі демей, әйел демей, бала демей  қырған қаскүнем жауыз осы Кондюрин болған.
Осы тақырыпты кеңінен зерттеген белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев пен журналист Ерғали Жұмахан былай деп жазады: «Застава отрядының командирі Кондюрин аса мейірімсіз, қанышер адам болыпты. Шекарадан бері қарай немесе әрі қарай асып бара жатқандар қолға түссе сотсыз, тергеусіз атып тастай берсе керек. Жәй өлтірсе, бір сәрі,атылған қазақтың біреуін екіншісінің үстіне айқара салып, өзі өліктердің үстіне отырып, жайланып шылым шегеді екен. Қыз-келіншек қолға түссе, құдайының бергені. Күйеуінің, ата-енесінің көзінше не өзі, не қарауындағы шекарашыларға зорлатады. Шектен тыс жауыздығы өзінің түбіне жетіпті ақыры. Тәуекелге бел буған үш жігіт параға емексітіп, алдап, оңаша шығарып алады да, кескілеп өлтіреді. Итке-ит өлімі. Жауызға соның өзі сауап еді. Амал не, ұлыдержавалық шовинистік саясат жайлаған ол кезде застава Кондюрин атына қойылды…» (Қалихан Алтынбаев, Ерғали Жұмахан. «Ақсуат. Құнарлы топырақ, құдіретті ұрпақ». «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігі. Алматы-1998 жыл

Зайсанда елеусіз жатқан есімдер   аз емес. Мысалы   қазақ елінің азаттығын аңсап,сол жолда құрбан болған алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың Зайсан ауданындағы Қуаныш мектебінде сабақ бергені жайлы да біздің газетімізде жазылған болатын. Мiржақып өз өмiрiнiң зайсандық кезеңi жайлы  соңғы рет қамауға алынар алдындағы түсiнiктемесiнде : “1904 жылы Семей облысының — Қытай шекарасына таяу дерлiк Зайсан уезiндегi ауылдық мектептердiң бiрiне ауыстырылдым, мұнда 1907 жылға дейiн қызмет еттiм,»-деп жазыпты. Міржақып Дулатұлының өмiрi мен қызметiнiң бұл кезеңi  бүгінгі зайсандықтардың  назарынан тыс қалып келе жатқаны өкінішті.

Елді біліктілікпен басқару  дегеніміз  тек  бюджет қаржысының орындалуына бақылау жасап, облыс әкімінің тапсырмасын орындаумен  шектелу емес, елін-жерін гүдендіруде ұлт болашағына қызмет ету болса керек .

Міржақып Дулатов — осыдан бір ғасыр уақыт  бұрын ұлт болашағы үшін атқа мініп, сол жолда құрбан болған Алаш ардақтыларының бірі. Алайда Зайсанда Міржақып Дулатов есімі елеусіз қалып, қанішер Кондюринге құрмет көрсетіліп отырғаны өкінішті–ақ…

Риза МОЛДАШЕВА

 

Мақалада: ЗайсанКондюринМіржақыпшекара

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

05.07.2025
Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. 1978 жылы салынған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

05.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына сапары барысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Кездесу...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан облыстық балалар биологиялық орталығына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

04.07.2025
Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ошағының жағдайымен...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

15 часов бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

3 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

3 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

3 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

3 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС