"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жүзден жүйрік өрендер марапатталды

03.06.2021
Жүзден жүйрік өрендер марапатталды
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықаралық балаларды қоғау күнінде Семей қаласының әкімі халықаралық және республикалық зияткерлік  олимпиадалардың, спорттық сайыстардың және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарымен кездесті.

Биылғы оқу жылында семейлік оқушылар әр түрлі білім және спорт жарыстарында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Білім сайыстарының қорытындысы бойынша Семей қаласы 1-ші орынға ие болды.

Кездесу барысында Нұрымбет Аманұлы дарынды оқушыларды мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті.

— Биыл Семей қаласы облыс көлемінде түрлі білім сайыстарының қорытындысы бойынша 1-ші орынды иеленіп отыр. Бұл өздеріңіздей жас өрендердің және шәкірттеріне сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, ізгілікке баулыған  ұстаздардың арқасы. Осы жетістіктеріңіз үшін ұстаздар қауымы мен сіздерге алғысымызды айтамыз. Алар асуларыңыз көп болсын! Біз де сіздердей бала болдық. Сіздер сияқты жақсылыққа ұмтылып, қиял-ғажайып әлемге сапар шектік. Үлкендерді сыйлап, кішілерге ізет көрсетіп, жақсы оқуға, жақсы тәлім-тәрбие алуға тырыстық. Өсе келе мектептегі жылдар адам өміріндегі ең бақытты кезең екенін түсіндік. Сондықтан әр күндеріңізді тиімді пайдаланып, жазғы демалыстарыңызды сәтті өткізулеріңізге тілектеспін. Келер жылы да жас жеткіншектеріміз бізді қуанта беретіндеріне сенімдіміз!– деп жылы лебізін білдірді Нұрымбет Аманұлы.

Кездесу барысында марапатқа ие болған 35 оқушының 10–ы — Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көп бейінді гимназияның оқушылары. Бәрі де халықаралық білім сайыстары мен зияткерлік олимпиадалардың жүлдегерлері.

— Ғылыми жобалар сайысында алтын медальды жеңіп алған шәкіртіміз Нұрбек Жанатбек облыс әкімінің дарынды оқушылармен кездесуіне қатысып, Даниал Кенжетайұлының арнайы сыйлығына ие болып қайтты. Жалпы, біздің мектептен ғылыми жобалар сайысына 28 оқушы қатысып, оның 17-сі жүлдегер атанды. Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізге, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен қоса, күміс, қола және алтын мелальдар табыс етілді. Алтын медаль еншілеген шәкірттеріміздің ата-аналарына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтің алғыс хаты табысталды. Осындай құрметке оқушыларымызбен бірге мұғалімдеріміз де лайықты деп санаймыз. Мұндай марапатқа ие болу — оқушы үшін үлкен жетістік, – деді жиында сөз алған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның директоры Алма Әубәкірова.

Марапаттау рәсімінде қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов жеңімпаз оқушыларға облыс әкімінің алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтарын — планшеттер мен Smart сағаттар табыс етті.

Абылай МАҚСҰТБЕК, «Семей таңы»

 

 

Мақалада: балалармарапаттауНұрымбет Сақтағанов

Ұқсас жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

11.07.2025
Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

Semeytany.kz – Жаз мезгілінде маса шағуы – көпшілік үшін жағымсыз жағдайлардың бірі. Дегенмен кей адамдарды масалар жиі шағып, енді біреулерін...

Толығырақ...Details

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

11.07.2025
Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы аулаларды абаттандыру барысымен танысты. Қалада «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында...

Толығырақ...Details

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

11.07.2025
Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары барысында әскери қызметшілерге арналған медициналық мекеменің қазіргі жағдайымен танысты....

Толығырақ...Details

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

11.07.2025
Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласына жұмыс сапары аясында 1-ші жылу электр орталығына (ЖЭО-1) барып, қазандықтағы жөндеу...

Толығырақ...Details

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

11.07.2025
Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы үлескерлер мәселесін сәуір айынан бастап жеке бақылауға алып, әрбір азаматтың құжатын...

Толығырақ...Details

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

11.07.2025
Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Semeytany.kz – Абай облыстық Геологиялық барлау колледжінде мектеп оқушыларына арналған жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасы ресми түрде ашылды. Жарыс...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

1 час бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

2 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

2 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

2 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

2 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

2 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

2 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

2 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

2 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС