Иммундық профилактика — халық денсаулығының кепілі. Ауруды емдегенше, оның алдын алған дұрыс, бұл әсіресе коронавирус инфекциясы бүкіл әлемге таралып отырған қазіргі күні өте маңызды. Пандемияны тоқтату үшін халықтың көп бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болуы керек. Бұған қол жеткізудің ең қауіпсіз әдісі — вакцинациялау.
Сондықтан, әсіресе қазір, иммундау өте маңызды, бұған кем дегенде екі себеп бар: екпе алу арқылы өзіңізді және басқаларды КВИ-дан қорғайсыз.
COVID-19-қа қарсы вакцинацияның негізгі міндеті — ерекше иммунитетті, яғни ағзаның SARS-CoV-2 реакциясына жылдам жауап беруіне және иммундық реакцияны жақсартуға мүмкіндік беретін иммундық жады қалыптастыру. SARS-CoV-2 адам ағзасына енгеннен кейін антиденелер — аурумен күресу үшін ағзаның иммундық жүйесі табиғи жолмен өндіретін ақуыздар пайда болады. Жеткілікті мөлшерде антиденелер түзілу үшін уақыт қажет, бұл — дәл осы адам ауырған уақыт. Антиденелер жеткілікті мөлшерде жинақталған кезде адам денсаулығы қалпына келеді.
Аурудың ауырлығына байланысты асқынуы (жеңіл немесе ауыр түрі), тіпті қайғылы жағдайға дейін жетуі мүмкін. Вакцинация антиденелердің түзілу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, осылайша асқынулардың алдын алуға болады, мысалы, Sputnik V коронавирус вакцинасына ағзаның иммундық жауабы бірінші вакцинациядан 42 күн өткен соң болады. Вакцина екі компонентті: инъекция 45 күн аралығымен екі рет жасалады, ал коронавирусқа қарсы иммунитет вакцинаның екінші компоненті енгізілгеннен кейін 3 аптадан соң пайда болады.
Вакцина алған адамның қанында антиденелер болады, олар COVID-19 коронавирусына қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді. Вакцинация ауру қоздырғышының асқынулар мен өлімге әкелуіне жол бермеу үшін қажет. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ақпан айында басталған кең ауқымды вакцинация бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Халықты вакцинациялау үшін үш вакцина бар. Sputnik V (Gam-COVID-Vac) қауіпсіз, себебі оның құрамында коронавирус жоқ. Вакцинаның негізін зертханада құрылған құрамында вирус генінің тек бір бөлігі бар арнайы құрылымдар (тасымалдаушы векторлар) құрайды.
Препарат екі компоненттен тұрады. Сондықтан вакцинация екі рет жүргізіледі. «QazCovid-in», сауда атауы «QazVac» (KazVac, KazKovid-in) — бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасаған COVID-19-ға қарсы инактивті вакцина. QazVac вакцинасы — инактивті вакцина. Денеге енгеннен кейін, ол қорғаныш антиденелер шығару арқылы әрекет етеді. Вакцина екі дозада 21 күн аралықта енгізіледі. Hayat-Vax SARS-CoV-2 (Vero Cell) – коронавирусқа қарсы белсенді емес вакцина. Hayat-Vax вакцинасын қытайлық Sinopharm компаниясы жасаған, бірақ оны Біріккен Араб Әмірліктерінде Gulf Pharmaceutical Industries Julphar шығарған. Бұл — инактивті вакцина.
Вакцина екі дозада 2-4 апта аралығымен енгізіледі.
Көптеген елдерде жүргізілген зерттеулер эпидемиологиялық жағдайды тек вакцинация арқылы халықты иммундаудың жоғары деңгейіне қол жеткізген жағдайда ғана толық бақылауға алуға болады деген қорытындыға әкеліп отыр.
Өзіңізді және басқаларды COVID-19-дан вакцина алу арқылы қорғаңыз және вирустың таралуын тоқтатуға атсалысыңыз.
Г.Ж.АБДРАХМАНОВА,
«СМУ» КеАҚ инфекциялық аурулар және иммунология кафедрасының ассистенті, аллерголог-иммунолог дәрігер