"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді

16.07.2025
Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысында суға түсу маусымы басталысымен-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілді. Құтқарушылар патрульдік рейдке шықты, ақпараттық баннерлер мен ескерту белгілері орнатылып, шомылуға тыйым салынған қауіпті жерлер анықталып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ТЖД өкілі мәлім етті.

Облыс аумағында 24 ресми шомылуға арналған орын белгіленген: 18-і коммуналдық, 2-еуі жекеменшік жағажай және 4 демалыс аймағында суға түсуге тыйым салынған. Сонымен қатар, суға шомылу қауіпті саналатын 66 орын мен шағын кемелерге тыйым салынған 2 учаске анықталған. Рейдтік шаралар барысында 200-ден астам жабдықталмаған және рұқсат етілмеген шомылу орны тіркеліп отыр.

Биылғы маусымда 16 су патрулі мен 32 жаяу патруль қызметке кіріскен. Барлығы 100-ден астам құтқарушы, 26 жүзу және көлік құралы жұмылдырылып, катерлер, гидроциклдер, эхолоттар, суасты бақылау құрылғылары, дрондар және дауыс зорайтқыштармен жабдықталған. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары мектептер мен колледждерде қарқынды жүргізілуде.

Қабылданған шараларға қарамастан, өткен жылы шомылу маусымында 17 адам суға кетіп, оның төртеуі – бала болған. Ал биылғы маусым басталғалы 6 адамның өмірі қиылды, олардың екеуі – бала. Сонымен бірге 31 адам құтқарылып, олардың 10-ы балалар.

Тұрғындар жиі баратын Шүлбі су қоймасында құтқарушылар күн сайын кезекшілік етеді. Жекеменшік жағажайларда қоғамдық құтқарушылар мен медицина бекеттері жұмыс істеп тұр. Қаланың өрт сөндіру бөлімдері де жаяу патрульге тартылады.

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады: тек рұқсат етілген орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, белгіленген шекарадан аспау, мас күйде суға түспеу және бейтаныс жерлерге сүңгімеу – басты талаптар.

Сондай-ақ, ресми жағажай иелері де қауіпсіздік талаптарына сай әрекет етуі тиіс: құтқару бекеттері мен алғашқы көмек пунктін ұйымдастыру, қалқыма белгілер мен дауыс зорайтқыштарды орнату, бақылау мұнаралары мен ақпараттық стендтер қою – адам өмірін сақтау жолындағы міндетті шарттар.

Ұқсас жаңалықтар

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жидебайда интернет желісі қосылды

21.07.2025
Жидебайда интернет желісі қосылды

Semeytany.kz – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебайдағы музей-қорық аумағында Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

18.07.2025
Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол инфрақұрылымын аралау барысында Юность кентіндегі 14-тұйық көшеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 день бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 день бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 день бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 день бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 день бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

2 дня бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС