"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ ҚАРТ СЕМЕЙДЕ

12.05.2022
ӨНЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ ҚАРТ СЕМЕЙДЕ
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ӨНЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ ҚАРТ СЕМЕЙДЕ

 

Апта сейсенбісі, 10 мамыр күні Абай атындағы мемлекеттік қазақ — музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Семей қаласына гастрольдік сапармен келген Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры баспасөз конференциясын өткізді.

Конференцияға Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, аталмыш театрдың актері, өнер жұлдызы Бекжан Тұрыс, сондай-ақ актриса Шынар Жанысбекова және семейлік жұртшылыққа ұсынылған “Абайдың жұмбағы” спектаклін сахналаған театрдың жас режиссері Әридаш Оспанбаева қатысты.

Өнер ұжымы Абай театрында 10-12 мамыр күндері үздік спектакльдерін сахналайды. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек баяндады.

— Биылғы жыл жақсы жаңалықтарға толы болып отыр. Оның бірі Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы болса, екіншісі — қасиетті мекен Семейдің Абай облысының орталығы болады деген шешімнің қабылдануы. Осыған орай, театрымыз Семейге арнайы келіп, көрермендерін үш күн бойы үздік қойылымдарымен қуантпақ. Соның бірі — театр режиссері Әридаш Оспанбаева қойған “Абайдың жұмбағы” спектаклі. Ұлы ақынның өзінің әлеуметтік ортасынан ерекшеленуінің, үнемі даму-кемелдену жолында болуы тиіс Адам атты ұлы құбылысты зерттеу-тану жолында “толық адам” ілімін ашуының, осылайша, хакімдік деңгейге жетуінің жұмбағы неде? Бұл күрделі сауалдарға Абайдың өз шығармашылығына және М. Әуезовтің атақты “Абай жолы” эпопеясының оқиғаларына сүйене отырып, өз тарапынан жауап іздейтін қойылым көрерменін де осы бір күрделі сауал төңірегінде ой серіктестікке шақырады. Одан бөлек, 11 мамыр күні жазушы Медеу Сәрсекенің  «Тендерге түскен келіншек» драмасы, ал 12 мамыр күні ақын, драматург Исрайыл Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі қойылады, — деді театр директоры.

Баспасөз конференциясынан соң семейліктер Әуезов театрының мұражай қоры ұйымдастырған “Мұхтар Әуезов және ұлттық театр” атты көрмені тамашалады.

Ерекше көрмеге мұражай қорынан 100-ге жуық жәдігер қойылыпты. Заңғар жазушының театр әртістерімен түскен суреттері, «Абай» спектаклін талқылау барысында Шәкен Айманов, Қалибек Қуанышбаевтармен түскен бейнелері өнерсүйер қауымға ұсынылды. Сонымен қатар Әшірәлі Кенжеев пен Әнуар Молдабековтің майлы бояумен салынған портреттері мен  КСРО халық әртісі Фарида Шәріпованың киген сахналық киімдері де көрмеге қойылған екен.

Осы күні сағат 17:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Абайдың жұмбағы» спектаклін семейлік көрермен назарына ұсынды. Қойылымды тамашалап, ұмытылмас әсерге бөленіп шыққан көрермендер ұлттық театр ұжымына ерекше ықыласын білдірді. Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев ұлы жазушының есімін алған қазақтың бас театрына — жазушының жерлестері алдында өнер көрсеткен үлкен ұжымға ақжарма алғысы мен жылы лебізін білдірді.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: ӨНЕРДІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ ҚАРТ СЕМЕЙДЕ

Ұқсас жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

28.04.2022
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Елімізде заңғар жазушы, әдебиеттанушы ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы бастау алды. Осы орайда қаламыздағы Әлихан...

Толығырақ...

Жаңалықтар

Құрметті семейліктер!

2 дня бұрын

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛДЫ

2 дня бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КОМАНДАСЫ КӨШ БАСТАДЫ

2 дня бұрын

ТАҒЫ ДА ҚОНЫС ТОЙЫ

2 дня бұрын

Тату көршімен стратегиялық байланыс аясында

2 дня бұрын

Өмірді сақта сарбаз

3 дня бұрын

«Біздің таза қаламыз» атты ашық кураторлық сағат өтті

5 дней бұрын

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары ант қабылдады

5 дней бұрын

Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару- әділеттілік жолы

1 неделя бұрын

Семей қаласының өнеркәсіп саласында өсім байқалады

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС