"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РЕФЕРЕНДУМ: ШҚО 77,49 ПАЙЫЗ ДАУЫС БЕРДІ

07.06.2022
РЕФЕРЕНДУМ: ШҚО 77,49 ПАЙЫЗ ДАУЫС БЕРДІ
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде Ата Заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өткізілген республикалық референдумда 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл туралы ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

«Орталық референдум комисссиясы астана уақытымен сағат 22.00-де еліміздің барлық өңірінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала деректері бойынша, азаматтардың референдумға қатысу статистикасы мынадай болды: Ақмола облысы – 73,81, Ақтөбе облысы – 58,06, Алматы облысы – 72,83, Атырау облысы – 67,68, Батыс Қазақстан облысы – 69,37, Жамбыл облысы – 69,59, Қарағанды облысы – 77,39, Қостанай облысы – 72,28, Қызылорда облысы – 79,89, Маңғыстау облысы – 61,19, Павлодар облысы – 75,53, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49, Түркістан облысы – 80,66, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06, Алматы қаласы – 33,30, Шымкент қаласы – 72,53 пайыз», — деді Мұхтар Ерман.

Оның айтуынша, еліміздегі референдумға қатысу мүмкіндігі және құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді. 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл — дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,44 пайызы.

«Референдум комиссиялары дауыс санауға кірісті. Ертең аумақтық комиссиялар хаттамаларының электронды түрде түсуін күтеміз. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы брифингте жарияланады. Оның уақыты қосымша айтылады», — деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы.

Ал сарапшылардың бағалауы бойынша, Шығыс Қазақстан учаскелеріндегі дауыс беру процесін бақылау халықтың азаматтық белсенділігінің деңгейі жоғары екенін көрсеткен. Сондай-ақ жауапты органдардың жұмысына оң баға беруге мүмкіндік берді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, ағымдағы жылдғңы 5 маусымындағы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, бюллетеньдерді тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,65 пайызы алған. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл көрсеткіш 77,49 пайызды құрады.

Референдум күні шығыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соқты. Алайда бұл жағдай дауыс берушілердің келуіне әсер еткен жоқ. Таңертеңнен бастап учаскелерде кезектер пайда болды. Шығысқазақстандықтар ұзақ жылдарға бүкіл елдің даму жолын айқындайтын мәселеге белсенді және жауапкершілікпен қарады.

Жалпы, бұл күн саяси институттар мен азаматтық қоғамның жақсы даму деңгейін көрсетті. Күннің бірінші жартысында аға буын өкілдері, ақсақалдар, ардагерлер белсенді дауыс берді. Түске қарай учаскелерде жастар көп болды, адамдар отбасыларымен, қарт ата-аналарымен және балаларымен келді. Осылайша, референдум процесі лакмус сынағы ретінде халықтың бірлігін көрсетті.

Барлық дауыс берушілерге өз пікірін білдіру құқығы берілді. Учаскелерде үкіметтік емес ұйымдардың, түрлі қозғалыстардың өкілдері болды, олар жағдайдың бейресми екендігін, мерекелік атмосфераны және азаматтардың барлық санаттары үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Мәселен, көптеген соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, өңірдің қарт тұрғындары үйден дауыс беру құқығына ие бола тұра осындай маңызды саяси оқиғаға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін учаскелерге өздері келді. Учаскелерге келе алмаған азаматтар үйден, әскери бөлімнен, ауруханадан, тіпті перзентханадан шықпай дауыс берді.

Тоқтала кетсек, ШҚО-да барлығы 1027 учаске, оның ішінде 959 ашық және 68 учаске азаматтардың уақытша болу орындарында жұмыс істеді.

Динара НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: 49 ПАЙЫЗ ДАУЫС БЕРДІРЕФЕРЕНДУМ: ШҚО 77

Ұқсас жаңалықтар

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

31.08.2026
Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

29.08.2026
Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

29 тамыз күні Абай облысында республикалық «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалау аумақтарын санитарлық тазарту жұмыстары кең көлемде ұйымдастырылды....

Толығырақ...Details

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

27.08.2026
Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

«Әділет» партиясының атынан Абай облысынан ұсынылған алты кандидаттың үшеуі Құрылтай құрамына өтті. Солардың бірі – Абай облысы мәслихатының төрағасы қызметін...

Толығырақ...Details

Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа — 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28.04.2025
Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа — 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

22 часа бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

2 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС