"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОЛА ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ЗАТТАР ТАБЫЛДЫ  

14.06.2022
ҚОЛА ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ЗАТТАР ТАБЫЛДЫ  
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің өлкетану музейіне ежелгі жауынгерлердің қоладан және темірден жасалған қарулары тапсырылды, — деп хабарлайды semeytany.kz ақпараттық порталы Abai Aqparat.kz. сайтына сілтеме беріп.

Семей қаласының тұрғыны Денис Маторин Семейден 60 шақырым жердегі Белокаменка ауылының маңында жыртылған өрт қауіпсіздігі жолағына зерттеу жүргізу кезінде ежелгі мәдениетке жататын жәдігерлерді тауып алған.

Белгілі семейлік іздеуші-зерттеуші, «Ел Дала» қоғамдық бірлестігінің өкілі Денис Маторин дәл осы жыртылған алқапта серуендеп жүріп, осыдан мың жыл бұрын Белокаменка ауданында тұрған ежелгі тұрғындардың металл заттарын  тапты. Жәдігерлердің ішінде жебенің, пышақтың, найзаның ұштары, айна және моңғол кезеңіне (шамамен б.з.д. ХІ ғасыр) жататын екі темір зат бар.

«Мен жоғарғы және төменгі Белокаменка ауданында жиі болып тұрамын. Бұл жердің қызықтыратыны, мұнда адамдар ежелден тұрып келеді, мен осы жерден әр түрлі дәуірдегі заттар түріндегі дәлелдерді жиі табамын. Осы жолы мені жоғарғы Белокаменка тас жолы маңындағы жаңадан жыртылған өрт қауіпсіздігі жолағы қызықтырды, – деп зерттеу жайлы егжей-тегжейлі айтып берді Денис Маторин. – Мен итімді серуендетіп жүріп жыртылған жерді байқадым да, ол жерде не бар екенін көргім келді. Бірнеше сағат ішінде мен қола дәуіріне жататын заттарды таптым, табылған жәдігерлер мені одан ары қызықтыра түсті. Өйткені олардың әрқайсысы адам қолымен жасалған».

Барлық заттар жақсы сақталған, анық ажыратуға болады және шебер жасалған. Скифтік үлгісімен ерекшеленеді, көлемі жағынан андроновтық үлгіден сәл үлкенірек. Ұзартылған үшбұрышқа немесе миниатюрлі найзаға ұқсайды.

Скиф тайпалары Еуропадан Алтайға дейінгі кең аумақта біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырдан біздің заманымыздың IV ғасырына дейін өмір сүрді. Жауынгер халық болғандықтан, олардың көпшілігінде садақ пен жебе болды. Жебе ұштары Евразия аумағындағы барлық алқаптарда жиі табылады.

Белокаменка маңынан табылған қола заттар арасынан дөңгелек үлгіде жасалған айна да ерекше болып табылады. Бұл зат керемет жылтыратылған, жақсы қызмет көрсеткен сияқты, шағылыстыру қабілеті жағынан қазіргі заманғы айналардан сәл ғана кем түседі.

Табылған жәдігерлер арасында темірден жасалған тағы екі бұйым қызығушылық тудырады. Олардың бірі – қиғыш сызықты жебе ұшы. Сырт пішіні қауырсынға ұқсас. Қиғыш сызғыш қыры кең болуына байланысты жануарларды аулауға немесе сауытсыз жауынгерлерді жоюға арналған. Бұл зат жануардың немесе дұшпанның денесінде терең жара қалдыра алады.

— Біріншіден, табылған зат өткен дәуірдің, біздің заманымызға дейінгі дәуірдің адамдары қалай өмір сүргенін сипаттайды. Олар көптеген замандастарым ойлағаннан әлдеқайда ақылды болған, ата-бабаларымыздың ақыл-парасаты, ептілігі дамыған және олар қолөнер шеберлігін жақсы меңгерген. Елестетіп көріңіздерші, олар бәрін — балық аулау ілмектерін, қысқыштарды, қандауырды, балғаларды, түймелерді, жебе ұштарын, айналарды, әшекейлерді өз қолдарымен жасады және сапалы жасады, біз әлі күнге дейін тамашалаудамыз. Ал біздің дәуір ештеңе ойлап тапқан жоқ, барлығын бізге дейін ойлап тапқан, – деп өз ойын бөлісті ізденуші Денис Маторин.

Денис Маторин барлық табылған жәдіргерлерді облыстық тарихи-өлкетану музейіне табыстады. Айта кетейік, зерттеуші үнемі өлкетану музейінің қорын осындай тарихи, көне дәуірлердегі жәдігерлермен толықтыруда.

 

Мақалада: ҚОЛА ДӘУІРІНЕ ЖАТАТЫН ЗАТТАР ТАБЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

21.01.2025
РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ТЕТІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін  және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін...

Толығырақ...Details

Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

20.01.2025
Семейлік зияткерлер халықаралық додадан жүлделі оралды

Елорда төрінде оқушылар арасында өткен ХалықаралықЖәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. 21 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан көрнектіғалым-математик, академик...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

14 часов бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

2 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

7 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС