"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ  ҚАЛАЙ ӨТТІ

21.06.2022
Біздің жақта қыс ұзақ… Облыс әкімі Семейдің бірқатар жылу беру орталықтарын аралады
72
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

   Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі қызметіне  11 маусым күні тағайындалған болатын.  Өткен сенбі күні  тура бір апта болды. Облыс басшысы  әкім лауазымындағы алғашқы сенбі, жексенбі күндерін қаламен танысудан бастады. Танысудан демекші, Нұрлан Тельманұлы — Семей қаласының өз перзенті. Қызмет бабымен біраз жылдар туған жерден жырақта болғанымен Семейде туып-өскен азаматқа бұл жердің әр бұрышы таныс… Алайда облыс басшысы үшін енді  аймақтың тыныс-тіршілігін жетік білу маңызды екені белгілі. Нұрлан Тельманұлы сенбі күні облыс орталығының  қыс маусымына  дайындығы мен қаладағы халық демалатын саябақтардың жағдайымен танысты. Облыс басшысымен бірге қала әкімі Бақытжан Баяхметов, тағы да басқа қалалық сала жетекшілері болды.

Нұрлан Тельманұлы Мелькомбинат көшесінің бойындағы № 3, 4, 10, 11 үйлердің тұрғындарының бастамашыл тобымен кездесті. Аталған үйлердің тұрғындары аймақ басшысынан жылу мәселесінде көмек сұраған болатын. Тұрып жатқан үйлері ағаштан салынғандықтан, өрт қауіпсіздігі де алаңдататыны белгілі.  Бұрын ұн комбинатына  қарап келген бұл үйлер  кезінде орталық жылу жүйесіне  қосулы болған. Ыстық және суық су да болатын. Бұл жерде де қаладағы бүгін келмеске кеткен  бұрынғы  кәсіпорындардың тағдырын көруге болады… Кезінде зауыт, фабрикалар өз жұмысшыларын тұрғын үймен ғана емес, инфроқұрылымдармен де толық қамтамасыз етіп келгені белгілі. Жасыратыны  жоқ, жеке меншік қолына өткен кәсіпорындардың бұрынғы қызметкерлері тұрған үйлердің ешкімге керексіз болып қалғаны жалғыз бұл жерде емес…

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ  ҚАЛАЙ ӨТТІ

Облыс басшысы  тұрғындар өтінішін мұқият тыңдап, мәселені шешуге уәде берді:

— Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Жобалық құжаттар дайын.  Әрине, бәрі бір сәтте шешіле салады деуге болмайды. Рет-ретімен шешімін табады. Жұмысты биыл бастап, аяқтауға тырысамыз. Ең  бірінші  жылу мәселесінен бастауымыз керек, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс басшысы  аталған мәселенің шешілуін  тиісті сала жетекшілеріне тапсырды. Айтпақшы, тұрғындарға орталық жылу жүйесіне қосылғанша  от жағып отырған пештерін бұзбауды, көп жылдар бойы шешімін күтіп тұрған мәселеге байланысты техникалық тұрғыдан  проблемалар кездесуі мүмкін екенін де ескертті.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ  ҚАЛАЙ ӨТТІ

Біздің жақта қыс ұзақ…  Семейдегі жылу қазандықтарының да сын көтермейтін жағдайда екендігі белгілі. Нұрлан Ұранхаев  бұдан кейін қаладағы  ТЭЦ и РК-1 жылу  орталықтарында болып, қысқа дайындық жұмысымен танысты. «Теплокоммунэнерго» МКК директоры Азат Сарпеков облыс әкіміне Семейдің қысқа дайындығы жайлы баяндап берді. «Теплокоммунэнерго»  басшылығының баяндауынша, мемлекет тарапынан қолдау болғанымен,  қиындықтар бар… Солардың бірі — кәсіпорынның несиелік берешегі. Дегенмен қыс маусымына дайындық жүріп жатыр. ЖЭО ағымдағы жөндеу жұмысына 3 млрд теңге, екі жылу қазандығын жөндеуге 2,2 млн көлемінде қаржы бөлінген. Төрт жылу беру көздеріне жөндеу жүргізу  жоспарланып отыр. Кәсіпорын өз қаржысына  жөндеуге қажетті  құралдар сатып алуда.

Осылайша, облыс әкімі  Семейдегі  қысқа дайындық барысымен танысып шықты. Бұл орайда шешімін күткен проблемаларды  өз бақылауына алды.  2022-2023 жылдың қысқа дайындығының ойдағыдай болуын тиісті сала басшыларына тапсырды.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ  ҚАЛАЙ ӨТТІ

Аймақ басшысы  бұдан кейін  Семейдің Орталық саябағына  бет алды. Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына қатысты соңғы жылдары  шудың көбейіп кеткені белгілі. Бірнеше жыл жөндеуге жабылып, өткен жылы ғана ашылған саябақтың бүгінгі жағдайын керемет деп айтуға келмес…  Дегенмен субұрқақ жұмыс істеп тұр. Гүлдер отырғызылған. Нұрлан Тельманұлы саябақтардың тазалығы мен күтіміне, барлық басқа ірі қалалардағыдай, кәсіпкерлерді көмекке шақыру  қажеттігін айтты.

—  Алматы, Нұр-Сұлтанда  мұндай тәжірибе бар. Саябақтардағы  жарық пен тазалықтың шығынын  кәсіпкерлер  көтеру керек. Ал оларға  сауда  нүктелері мен аттракциондар  ашып, өз шығындарын  шығарып алуға мүмкіндік жасалады. Келісімшартта бұл орайда екі жақтың  міндеттері мен жауапкершіліктері  анық көрсетілуі  керек, — деді Нұрлан Ұранхаев.

«Семей қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы» ММ басшысы А.Өтелбаевқа журналистер тарапынан қаланы көгалдандыру, Орталық саябақтағы аяқталмаған жөндеу жұмыстары мен тапсырысты сапасыз орындаған мердігер компаниялар жайлы сауалдар көп болды.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев  сенбі күнгі қаламен таныстығын Ертіс жағалауында қорытындылады. Журналистер тарапынан берілген барлық сұрақтарға жауап берді.

Жылу, жарық, жол т.б.  ағымдағы мәселелермен бірге, жаңа облыстың құрылуына, Абай облысының аудандарына қатысты мәселелерге орай әріптестер тарапынан сауалдар көп қойылды. Облыс басшысы, осы өңірдің тумасы болғандықтан да болар,  аймаққа қатысты  қойылған сауалдарға  аңтарылмай, тыңғылықты жауап берді. Алдағы уақытта аудандармен танысу басталатынын, Көкпекті мен Ақсуат аудандарын бөлу жұмысына байланысты басшы тағайындалатынын да айтып өтті.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ  ҚАЛАЙ ӨТТІ

Жексенбі күні  Нұрлан Уранхаев жұмыс сапарымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барды. Білім беру мекемесінің тарихымен танысып, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай оқу орнының дайындық жұмыстарымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ  «№29 Пальмира»  және  17 жалпы білім беретін орта мектептердің жай-күйімен танысты.

Жаңа облыстың жаңа басшысының  жұмысы қат-қабат. Шешімін күткен мәселелер көп…

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,
«Семей таңы»

Мақалада: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒАШҚЫ  ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ  ҚАЛАЙ ӨТТІ ?

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

10 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

10 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС