Семей қаласының маңында орналасқан Жарқын ауылына апаратын жол құрылысы конкурстық рәсімдерден кейін жүргізілетін болады. Бұл — кем дегенде бір жарым ай мерзімді алады. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарқын ауылының тұрғындарын қабылдау барысында мәлімдеді.
Облыс әкімі атап өткендей, ШҚО аумағының бөлінуіне, демек, бюджеттің бөлінуіне де байланысты, аталған жолды жөндеуге қаражат бөлу мәселесі де ашық қалды. Дегенмен, биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жолға асфальт төселетін болады.