"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бесқарағай — татулық пен келісім мекені

13.08.2022
Бесқарағай — татулық пен келісім мекені
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев іссапармен Бесқарағай ауданына барды. Жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысандар мен шаруашылықтарда болып, мәдениет үйінде тұрғындармен жүздесіп, бесқарағайлықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Облыс басшысы жұмысымен танысқан алғашқы нысан – Борас мектеп-балабақшасы. 2002 жылы балабақша ретінде бой көтерген ғимарат орын тапшылығына байланысты мектеп ретінде 320 орынға лайықталып, қайта жабдықталған. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған 135 орындық балабақша орналастырылса, екінші қабатында өткен жылы 398  оқушы білім алды. Ағымдағы жылы 222 оқушы мектеп табалдырығын аттамақ. Орын тапшылығына байланысты  жаңа мектеп салу мәселесі туындап тұр. Сонымен бірге, 20 жыл бұрын салынған ғимараттың төбесінен су ағып, күрделі жөндеуді қажет етуде.

Бесқарағай - татулық пен келісім мекені
Борас мектеп-балабақшасы

Сапары аясында Нұрлан Ұранхаев пайдалануға берілгеніне 8 жыл ғана болса да апатты жағдайда тұрған «Айналайын» балабақшасына барды. Аудан басшылығының айтуынша, нысан сазды жерге салынғандықтан, су көтеріліп, едендері төмен түсіп, қабырғалары әр жерден жарылған. Қайта қалпына келтіру үшін 72 млн теңге қаржыны қажет етіп тұрған бұл балабақшаның ашылуын 90 бүлдіршін  күтіп отыр. Айта кетсек, мердігер мекеменің кепілдік кезеңі 6 жыл бұрын аяқталыпты.

Бесқарағай - татулық пен келісім мекені
«Айналайын» балабақшасы

Сонымен бірге, аудандық мәдениет үйінде Бесқарағайдың киелі һәм шипалы жерлері,  ақындары мен батырлары, жеңістері мен жетістіктері таныстырылып, жергілікті шаруалардың таза табиғи өнімі ұсынылды.

490 шаруа қожалығы, 24 ЖШС, 8 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеп тұрған астықты өлке ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолайлы.

Содан соң облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Баталов ағымдағы жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы есеп берді.

Сөз алған Нұрлан Тельманұлы береке-бірлігі жарасқан, көпұлтты аудан саналатын Бесқарағай ауызбіршілігінің арқасында әлі де жетістікке жететіндігіне сенім білдіріп, «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.

Жиында тұрғындар сауалы да тыңдалды. Сөз алған ата-ана оқу жылының басталуына екі апта уақыт қалғанда ауылдағы білім ошағы статусының өзгеруі қиыншылық тудырғанын айтты.

Мәселе төңірегінде пікір білдірген облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев мәселеге оқушы санының азаюы себеп болғанын, мемлекеттік стандарт бойынша орта мектепте 90 оқушы болу керек болса, Башкөлде 65 қана білім алушы бар екендігін айтты.

Оқушы тасымалы немесе аудан орталығында мүмкіндіктері қарастырылатындығы айтылды.

Тұрғындар сауалының дені жол, жарық, мемлекеттік бағдарламалармен несие алу сынды өзекті мәселелерге бағытталды.

Кезекті кездесу Бесқарағай аудандық ауруханасында өтті. Аурухананың бас дәрігері Ерлан Саңқайбаевтың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал тұрақты, жыл санап медициналық жабдықтау деңгейі артып, халық денсаулығын сақтауға мүмкіндіктер жасалып отыр. Тек нөсерлі күндері ғимарат төбесінен су ағатынын айтып, шатыр мен терезелерін жаңарту үшін жобалық-сметалық құжат әзірлеуге бюджеттен 6 млн. теңге бөлуді сұрады.

Облыс әкімінің сапары Бесқарағай колледжінде жалғасты. Жеті мамандық бойынша 73 студентке білім беріп жатқан колледж білім сапасы, студенттерінің жетістігі жөнінен алдыңғы қатарды. «Жақсыны көрмекке» демекші, игі бастамаларымен таныстырған колледж директоры Раим Нұрғалиев аспаз даярлау сыныбына құны 29,4 млн болатын жаңа құрылғы алуға қаржы қарастыруды сұрады.

Бесқарағай - татулық пен келісім мекені
Бесқарағай колледжі

Нұрлан Тельманұлының Бесқарағай ауданына сапары Қарағайлы ауылындағы «BA AgroGrup» ЖШС-нде жалғасты. Егін шаруашылығына негіздеген серіктестік 17,2 мың гектар дәнді және майлы дақылдар егіп, шаруасын шалқытып отыр. Жыл санап техникасын жаңартып жатқан үлкен серіктестік өткен жылы тұқым кептіргіш орнатса, биыл жұмысшылар үшін жатақхана тұрғызып жатыр. Ауданға тартылар инвестицияның жатрысына жуығы осы серіктестікке тиесілі.

Басты мәселелері – жер мәселесі. Егіс алқабын арттыруға ниет болғанымен жер тапшылығы қысып тұрғандығын тілге тиек еткен «BA AgroGrup» басшылығы мәселені шешіп беруді сұрады. Сауалға жауап берген облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаев пайдаланылмаған және мақсатсыз пайдаланылған жерлер анықталып жатқандығын, ол мемлекет меншігіне қайтарылып, конкурстық негізде қайта пайдалануға берілетіндігін мәлімдеді.

Бесқарағай - татулық пен келісім мекені
Қарағайлы ауылындағы «BA AgroGrup» ЖШС

Нұрлан Тельманұлы ат басын бұрған соңғы нысан – Жыландыдағы 100 орындық мектеп. Ерте көктемде құрылысы басталған мектептің шатыры жабылып, жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалған. 1 қыркүйекте пайлалануға берілетін білім ошағын «ЕвроТехСтрой-2003» мердігер мекемесі өз қаражатына салып жатыр. Құрылыс аяқталған соң құны 500 млн. теңге болатын нысан мемлекет меншігіне сатып алынады. Қазіргі таңда электр тоғын тарту мәселесі туындап тұр.

Жұмыс күнін қорытындылаған облыс әкімі Н.Ұранхаев мемлекет басшысының тапсырасын орындау мақсатында, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

 

Мақалада: Бесқарағай - татулық пен келісім мекеніБесқарағайда 600 орындық мектеп салынадыНұрлан Ұранхаев іссапармен Бесқарағай ауданына барды

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз – Мемлекет басшысы

01.07.2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі   Құрметті отандастар!   Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

03.06.2026
Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументі мен оған іргелес аумақты қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды....

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

3 дня бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

3 дня бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

3 дня бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

3 дня бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

3 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

3 дня бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

3 дня бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

3 дня бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

3 дня бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС