"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді

30.09.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің жұртшылығымен кездесу, сондай-ақ бірқатар мәдени-білім беру нысандарын аралау мақсатында Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Semeytany.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Мемлекет басшысы Абай облысы жұртшылығымен кездесуі Семей қаласының Абай атындағы театрда басталды.

Президент кездесуде:
«Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше, төл шежіремізде айрықша орны бар өлке. Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені. Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір»
«Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым. Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық»
«Соңғы жылдары Абай өңірінің экономикалық көрсеткіштері біршама жақсарды. Былтыр облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 миллиард теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті, ашық нарық қалыптастыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу аймақ басшылығының басты міндеті болуға тиіс»
Мемлекет басшысы білім туралы:
«Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Қазір елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып жатыр. Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Алдағы уақытта 11 мектеп және 14 балабақша салу жоспарланған. Бірақ, мұның өзі жеткіліксіз. Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын»
«Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Бұл сөзіміз нақты іспен бекітіліп жатыр. Арнайы Оқу-ағарту министрлігі құрылды. Біз бұған дейін «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылдап, оның аясында мұғалімдердің жалақысын өсірдік. «Әліппені» қайтардық. Орта білімді дамытуға бағытталған бірқатар жағымды өзгерістер бар. Осындай игі шаралар арқылы біз қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады»
«Облыста қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керек. Осы орайда, Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет. Аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн. Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сол себепті, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын»
«Семейде еліміздегі негізгі медицина университеттерінің бірі орналасқан. Қазір менің тапсырмаммен білім ордасы жанынан көпбейінді аурухана салу мәселесі қарастырылып жатыр. Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Біз ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек»
Қаланың инфрақұрылымы жайлы:
«Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті. Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық»
«Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады. Өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту қажет. Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ, аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын»
Жерді тиімді пайдалану туралы:
«Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады»
«Аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын. Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді»
Экология мәселесі туралы:
«Экология мәселесі. Бұл сала әрқашан өзекті, тіпті, ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек болады. Себебі, тұрғындардың денсаулығы, тұрмысы қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан, экологиямен айналысатын арнайы министрлік құру менің Президент қызметіндегі алғашқы шешімдерімнің бірі болды. «Бірге – таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – барша халқымызды ұйыстырған маңызды бастама. 2020 жылдан бері менің тапсырмам бойынша елімізде екі миллиард ағаш отырғызу шарасы басталды. Жалпы, біз осы бағытта әлі де өте көп жұмыс атқаруымыз керек»
«Халықаралық стандартқа және экологиялық нормаларға сай келетін қоқыс жинайтын жаңа полигон салу керек. Бұл жұмыс облыс әкімінің жеке бақылауында болуға тиіс. Энергетика министрлігі Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасын әзірледі. Биылғы сәуір айында бұл жобаны Мәжіліс мақұлдады. Енді оны тезірек қабылдап, таза жерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға беру керек»
«Семей өткен ғасырдың басында қазақтың рухани астанасы саналған. Абай бастап, Алаш арыстары жалғаған ұлы жол ұлтымызды есейтіп, мүлде жаңа деңгейге көтерді. Олар қазақтың болашағы қандай болуы керектігін айқындап берді. Біз алыптарымыздың іргелі идеяларын ұстана отырып, ұлттық жаңғырудың жаңа белесіне қадам басуымыз керек»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға:
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой» деген хакім Абайдың өсиеті жас ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Ұлы ақынның атап көрсеткен бес асыл қасиеті біздің бүгінгі мақсатымызбен толық үндеседі. Ұлы Абай «Толық адам» деген ұғымды қазақ қоғамына ұсынған еді. Толық адам, меніңше, бұл – болмысы кемел, көзқарасы терең, көкірегі ояу, еңбекшіл адам деген сөз. Өздеріңізге мәлім, мен қоғамда жаңа құндылықтар орнықтыру қажеттігі жөнінде үнемі айтып жүремін»
«Жастарымыз үш нәрсенің айрықша маңызды екенін түсінуі керек. Бұл – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі, отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, іскерлік, еңбекқорлық. Құр сөзден ештеңе шықпайды. Азаматтарымыз алдымен отбасын асырап, балаларына қамқор болуы керек. Оларға адал еңбегімен, алғырлығымен нәпақасын тауып беруі қажет. Біз шын мәнінде еңбекқор ұлт болуға ұмтылуымыз керек. Әлемде еңбексүйгіш халықтар аз емес. Бұл қасиет, тіпті, олардың болмысына сіңіп кеткен. Осы асыл қасиет біздің жұртымызға да тән болуы керек. Өйткені, халқымыздың қарым-қабілеті ешкімнен кем емес. Ұлтымызға қатысты айтылатын кейбір жағымсыз сипаттамалардан біз мүлдем арылуымыз қажет»
«Бір сөзбен айтқанда, еңбекқорлық – қазіргі заманда бізге аса қажет құндылық. Осы қағиданы кеңінен дәріптеуіміз керек. Менің мұны Семей төрінде тұрып айтуымның өзіндік себебі бар. Өйткені, бұл – әрдайым жас ұрпақты жақсылыққа, жаңашылдыққа жетелеген жер. Менің Үндеуім еліміздегі әрбір жастың жүрегіне жетеді деп сенемін. Шын мәнінде, қазір – білім мен ғылым салтанат құрған заман. Мұны дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Әлемдік экономикада жоғары технологиялық өнімдерді жасап шығаратын компаниялар алға шықты. Бұл – ғылым келешектің бет-бейнесін анықтайды деген сөз. Тың идея мен озық ой кез-келген саланы өркендетеді. Өскелең ұрпақ білімге, ғылымға құштар болуы керек. Осыны жан-жақты дәріптеуге мемлекет қана емес, бүкіл қоғам және әрбір азамат атсалысуға тиіс. Өркениетті мемлекетті тек білімді азаматтар ғана қалыптастыра алады. Жуырда Нью-Йоркке сапарымда АҚШ-та жұмыс істеп жүрген жастармен кездестім. Олар білім алуға деген ынта-жігері мен еңбекқорлығының арқасында әлемнің әр түкпірінде табысқа жетіп жүр. Міне, осындай жастарды үлгі тұту қажет»
Мақалада: Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

12.01.2026
2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

Semeytany.kz - Абай облысында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жалғаса береді. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

10.01.2026
Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиевпен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

09.01.2026
Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Парламент Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) фракциясының мүшесі...

Толығырақ...Details

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

09.01.2026
Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

Semeytany.kz - облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардақты ақсақал Болат Сапорұлымен, ақын әрі мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен және...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

05.01.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады....

Толығырақ...Details

Семей қаласында, «Аренада» өткен Президент шыршасына 200 бала қатысты

25.12.2025
Семей қаласында, «Аренада» өткен Президент шыршасына 200 бала қатысты

Semeytany.kz - Жаңа жыл қарсаңында еліміздің өңірлерінде «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты дәстүрлі Президент шыршасы ұйымдастырылып жатыр. Семей қаласында өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Берік Уәли Иранбек Оразбаевпен жүздесті: Абай мұрасы мен өңір мәдениеті талқыланды

10 часов бұрын

Мақаншыда «Інжу-Маржан» бөбекжайы ашылып, 52 жаңа жұмыс орны құрылды

10 часов бұрын

Абай облысында білім инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңарып жатыр

10 часов бұрын

Үржарда мектеп еріктілері 91 жастағы қарияның ауласын қардан тазартып, көңілін көтерді

10 часов бұрын

Қазақстан Үкіметі 240 млрд теңге бөлді: оны қайда жұмсамақ

12 часов бұрын

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін дайындады

12 часов бұрын

Абай облысында жол қауіпсіздігі бойынша бақылау күшейтілді

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты

2 дня бұрын

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС