"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК: жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?

29.11.2022
ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК: жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?
100
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК:
жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің халыққа жақын болуын ерекше тапсырып, осы орайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын  баршаға ортақ міндет етіп қойып отыр. Билік пен бұқара  арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана бүгінгі  жаңаруға бет алған  қоғамға үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болатыны Мемлекет басшысының бүгінгі  ұстанымы.

Облыс орталығы Семей қаласына басшылыққа тағайындалғанына көп уақыт өтпесе де Нұрбол Нұрсағатов ел Президентінің талабын орындау  мақсатында біраз жұмыстарды қолға алып жатыр. Сол жұмыстардың  қатарында  Семей қаласының  шеткері аумақтарына  бас инспекторларды тағайындауын атап айтуға болады. Қазіргі уақытта олар  қала әкімінің  тапсырмасы бойынша  өздеріне бөлінген аумақтарда жұмыстарын бастап  жатыр. Біздің тілшілеріміз қала әкімінің жаңадан жұмысқа кіріскен өкілдерімен сұхбаттасқан еді.

Семей қаласы әкімінің Красный кордон, РСУ, Мирный, Дальний, Пристань, Контрольный, Ақсай тұрғын алаптарының бас инспекторы Талғат Сұңғатов:ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК: жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?

 

  ХАЛЫҚ ДЕГЕН — ҚҰДАЙДЫҢ БІР АТЫ

— Талғат Мұқамбетұлы, оқырмандарымызға өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

— Мен 1989 жылы ШҚО бұрынғы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келдім.  Радиотехника және байланыс колледжін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша,  ҚазИГЗУ-ді «Информатика», Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ды «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша тамамдадым. Еңбек жолымды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясы ШҚО бойынша филиалының бас маманы ретінде бастадым. 2019 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ филиалында қызмет атқардым.

— Қала әкімінің муниципалды өкілдерінің, қарапайым тілмен айтқанда, «кіші әкімдердің» міндеті қандай?

— Міндетім — маған бекітілген, яғни Контрольный, Мирный, Затон, Пристань, Красный кордон, Ақсай, Северный, Березовский кенттері, Дальний тұрғын аудандарының әлеуметтік мәселелерін зерделеу және талдау, оларды шешу бойынша ұсыныстар енгізу.

— Өзіңіз тағайындалған тұрғын алаптары қандай аумақтарды қамтиды, халық саны қанша?

— Маған бөлінген тұрғын аудандар қаланың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Бұл аумақтың басым бөлігінде жеке меншік тұрғын үйлер және өндірістік базалар, әлеуметтік нысандар, жылыту қазандықтары орналасқан. Халық тығыз орналасқан, шамамен 40 000 адам тұрады.

— Алдағы уақытта қандай бағытта жұмыс жүргізесіз? Жұмыс жоспары құрылды ма?

— Жұмыс жоспары құрылған. Маған бөлінген аудандар қаланың шеткі аумақтарында орналасқандықтан, жол, жарық, қоқыс, қаңғыбас иттер және қоғамдық көлік қатынасына қатысты мәселелер көп көтеріледі. Әрине, тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескерілмей қалмайды. Қала орталығынан тысқары орналасқандықтан аумақ тұрғындары тарапынан бұған дейін  айтылған мәселелерге, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерді абаттандыруға байланысты жұмыстарға ерекше назар аудару қажет деп ойлаймын.

— Өзіңіз жауапты болып бекітілген аумақтың бүгінгі  хал-ахуалы қалай?

— Қаланың басқа аудандары сияқты, бұл аумақ та қалыпты дамып келеді. Қоғамдық көлік, жол, көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару мәселесі біртіндеп шешімін тауып жатыр. Әйтсе де әлі де шешімі табылмаған мәселелер бар. Мүмкіндігінше шешімін табуға ықпал етуге тырысамын.  

— Халықпен кездесу, жалпы, кері байланыс орнату қалай жүзеге асырылады?

— Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – «халық үніне құлақ асу» болғандықтан, әрбір аудан тұрғындарымен кездесу кестелері жасалған. Халық деген — Құдайдың бір аты. Ендеше, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін  қолдана отырып, тұрғындардан түскен сұрақтардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмауға тиіспіз.

*****

Әскербек Сағатбекұлы Тілеуов — Семей қаласы әкімінің Суық бұлақ, Кирпичный, Юность, Жоламан, Комсомол кенті тұрғын алаптары бойынша бас инспекторы.

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК: жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?

    АЛҒА ҚОЙҒАН ЖОСПАР КӨП

— Семей қаласы әкімі лауазымына тағайындалғанына көп болмаса да, Нұрбол Нұрсағатов шаһарды басқаруда жаңашылдық енгізіп, шет аудандар бойынша өзінің көмекшілерін тағайындап отыр. Сіздің де жаңа қызметке келгеніңізге көп болған жоқ. Алдымен өзіңізді оқырмандарымызға таныстырып өтсеңіз.

— Иә, қала әкімінің инспекторы болып тағайындалғаныма екі аптадай ғана болды. Бұл менің мемлекеттік қызметтегі алғашқы баспалдағым десем де болады. Бұған дейін Семей өңіріндегі тау-кен өндіретін компанияларда түрлі қызмет атқардым. Еңбек жолымды қарапайым слесарь болып бастап, бас механик, автотранспорт бөлімінің басшысы лауазымдарына дейін жоғарыладым.  Негізі, Жарма ауданының тумасымын. 1982 жылы дүниеге келгенмін. Жарма ауданы Бөке кентіндегі Тұрсынхан Әбдірахманов атындағы орта мектепте 11 сыныпты тамамдадым. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығы бойынша бітіргенмін. Қаламыздың көркеюіне атсалысу ниетімен мемлекеттік қызмет бойынша сынақ емтихандарын тапсырып, одан сәтті өткен соң осы қызметке тағайындалдым.

-Әскербек Сағатбекұлы, осы уақытқа дейін қандай жұмыстар атқарылды?

-Екі апта көп уақыт емес. Дегенмен жұмысқа бірден кірістік. Маған бөлінген аудандарды аралап, танысып шықтым. Суық бұлақ, Кирпичный, Юность, Жоламан, Комсомол кенттерінің барлығы да үлкен аудандар. Жұмысымды алдымен учаскелік полиция бөлімдерімен танысудан бастадым. Себебі бірінші кезекте халықтың саны, мекемелер мен оқу орындары туралы ақпарат алуым керек болды. Осы аудандарда 33 797 халық тұрады. Оның ішінде 21 540 ересек адам, 12 257 бала бар. Аудандардағы белсенді халық тобымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдадым. Ұшақтар кентіндегі №49 мектепте болып, директорымен, ұстаздармен жолығып, өзекті мәселелерін тыңдадым. Юность, Комсомол, Суық бұлақ кенттеріндегі емханалар мен амбулаторияларға барып, тыныс-тіршілігімен таныстым. Қыс болса келді. Әлеуметтік мекемелердің Семейдің саршұнақ аязына дайындығын білу үшін  басшыларымен тілдестім. Жоламан кентінің мектебінде Суық бұлақ, Жоламан, Кирпичный кенттерінің халқымен кездесу өткіздім. Семей қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында инспекторлардың байланыс нөмірлері жазылған. Сол арқылы да тұрғындар хабарласып жатады. Мүмкіндігінше, мәселелерді жедел түрде шешіп беруге тырысып жатырмыз.

— Сіз инспекторлық ететін аудандардағы негізгі мәселелер ретінде нені айтар едіңіз?

-Менің аудандарымда ғана емес, бүкіл қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі күні жоғары аталған кенттерде қоқыс шығарумен ЖК «Мельников» және «Семей тазалық» ЖШС айналысады. Тұрғындардың жартысы бұл кәсіпкерлермен келісімшартқа отырмаған. Салдарынан кейбір жерлерде қоқыстар бір айдан астам уақыт бойы алынбай қалған. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Семей тазалық мекемесімен бірлесіп, қоқыстың шығарылуын қадағалап отырмыз. Дегенмен бұл мекеме  де үлгермей жатыр. Сондықтан кейбір тұрғындар әлеуметтік желілерде  шағымдарын білдіруде. Осы орайда техникалық тұрғыда барлығын бірдей жүзеге асыру мүмкін болмай отырғанын айтқым келеді. Күн сайын бір-екі көшеден тазалап жатырмыз. Екіншіден қоғамдық көліктер санының аздығы, уақтылы жүрмеуі де  үлкен мәселе тудыруда. Парктерде автобус саны аз, уақтылы желігі шықпайды. Шықса да ерте қайтып кететін жағдайлар орын алуда. Осының бәрін қадағалап, тиісті бөлімдерге хабарлап отырмыз. Whatsapp желісінде қала әкімі және бөлім басшылары қосылған арнайы чатқа туындаған мәселелерге байланысты фото және видео ақпараттар салып, бір бірімізбен кері байланыс жасаймыз. Үшінші мәселе ретінде жолдардың жағдайын айтар едім. Маған берілген аудандардағы жолдардың жетпіс пайызы нашар күйде деуге болады. Себебі бұған дейін қаламыздың шет аймақтары қараусыз қалып келгені рас. Семей қаласы облыс орталығы мәртебесін алды, енді біртіндеп барлығы ретке келеді деп сенемін.  Көшелерді жарықтандыру да күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Шет аудандардың барлығында дерлік жарықтандыру деңгейі қанағаттанарлықтай емес. Негізінен басты көшелер ғана жарықтандырылған. Сонымен қатар қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын да жүргізудеміз.

-Алдағы жоспарларыңыз қандай?

-Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен аудандарымыздағы өзекті мәселелер бойынша келер жылы бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсыныс білдірдік. Жоспарға енгізілді. Бұл орайда Нұрбол Төлегенұлы да шаһардағы негізгі мәселелердің барлығынан хабардар екенін айта кеткім келеді. Жоспарлар кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Сонымен қатар шаһар басшысының тапсырмасымен қосымша қоқыс контейнерлерін орналастырылу үшін орындар дайындаудамыз. Себебі шет аудандарда қоқыс контейнерлерінің саны аз. Жоғарыда айтып кенткенімдей, екі апта өте аз уақыт. Қазір Юность кентінің, оның ішінде Аэропорт, Жас Алаш, Аягөз көшелерінің жарықтандырылуын қарап жатырмын. Кенттегі пәтер иелері кооперативі өкілдерімен кездестім. Құрылыс колледжіне бардым. Әзірге, халықтың барлық тобымен кездесу мүмкін болмай жатыр. Аялдамаларда, көшелерде өзімді таныстырып, пікірлерін сұраудамын. Әрине, жұмыс оңай емес. Шешілуін күтіп тұрған мәселе де көп. Кейде,тұрғындар әлеуметтік желілерде сын да айтып жатады. Барлығына уақыт керек. Семейде алдағы уақытта халықтың көңілінен шығатындай ілкімді істер атқарылатынына сенімдімін.

*****

Семей қаласы әкімінің Бобровка және Бобровка кенті саяжайлары, Степной, Мұрат, Нахаловка тұрғын алаптары бойынша бас инспекторы Берік Нұрболатұлы Нұрболатов:

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК: жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?

ЖҰМЫСЫМЫЗ ТАҢҒЫ ЖЕТІДЕН БАСТАЛАДЫ

— Берік Нұрболатұлы, өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.

— Мен 1999 жылы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келдім. 2015-2019 жылдар аралығында Бизнес және сервис колледжінде, 2020-2022 жылдары Alikhan Bokeikhan университетінде білім алдым. Оқу орнын бітірген соң «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы арқылы қалалық әкімдікке жұмысқа орналастым. 2020 жылдан бастап персоналды басқару бөлімінде инспектор болып қызмет еттім. Басшылық сенім артып, Семей қаласы әкімінің Бобровка және Бобровка кенті саяжайлары, Степной, Мұрат, Нахаловка тұрғын алаптары бойынша бас инспекторы етіп тағайындады.

— Берік Нұрболатұлы, өзіңізге бекітілген аудандарда осы күнге дейін қандай жұмыстар жүргіздіңіздер?

— Соңғы күндері қардың қалың түсуіне байланысты, ең алдымен, осы аудандарды ақ ұлпадан тазартып жатырмыз. Жұмысымыз таңғы жетіден басталады. Күн сайын өзімдегі кесте бойынша аталған аудандарға барамын. Айта кету керек, шеткі кенттердегі ең негізгі мәселе – қоқыс шығару. Бұл аудандарда рұқсат етілмеген қоқыс орындары өте көп. Бүгінгі күнге дейін оннан астам осындай қоқыс орындары жойылды. Степной кентінде істен шыққан көше шамдары ауыстырылып, жолдарға құм себілді. Сондай-ақ Степной, Бобровка, Нахаловка, Мұрат кенттерінде қаңғыбас иттерді аулап, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазір заңды тұрғыда қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынғанын да айта кету керек. Барлық аудандарда осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұсыныс-пікірлерін тыңдау үшін, белсенді азаматтармен кездесудеміз.

— Аталған кенттердегі негізгі мәселелер қандай?

— Бобровка саяжайлары орталық ауыз су желісіне қосылмаған. Онда орталық су желісін тарту 2023 жылдың бюджет жоспарына енгізілді. Келер жылдың басынан су тартуды қолға алмақпыз. Жоғарыда айтып кеткенімдей, аудандардағы қоқыс шығару мәселесі өзекті болып тұр. Учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге жұмысты күшейтудеміз. Шет аудандардағы көше тазалығы, жарықтандыру мәселелері бойынша инспекторларға өкілет берілген. Жауапты бөлімдер мен мекемелерге хабарласып, түйткілді сұрақтардың шешілуіне атсалысамыз.

*****

Семей қаласы әкімінің Водный, Восход, Шығыс кенті тұрғын алаптарының бас инспекторы Азамат Таласбаев:

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ БИЛІК: жаңа реформалар қалай жүзеге асуда?

ӘР ІСТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕМІН

— Азамат Берікұлы, жақында ғана қала әкімінің арнайы өкілі болып тағайындалдыңыз. Осы қызметіңіз жайлы айта кетсеңіз.

— Жақында Семей қаласы әкімінің Водный, Восход, Шығыс кенті тұрғын алаптарының бас инспекторы болып тағайындалдым. Бұл міндеттің жауапкершілік жүгі ауыр. Халықпен бірлесе отырып, абыроймен атқарамын деген ойдамын.

— Қала әкімінің муниципалдық өкілдерінің  мақсаты мен міндеті туралы айтып берсеңіз.

— Басты мақсатымыз бен міндетіміз —  қаладағы, оның ішінде маған бекітілген алаптардың түйткілді мәселелерінің шешім табуына, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға атсалысу. Водный, Восход, Шығыс кенті сынды шеткі аумақтардағы инфрақұрылымды дамыту, қоқыс шығару, су, жол мәселелерінің оңтайлы  шешілуі үшін бар күш-жігерімізді салып қызмет етеміз.  Әлеуметтік-мәдени салалар бойынша да жұмыс жүргіземіз.

— Тұрғын алаптары қандай аумақты қамтиды?

— Маған бөлінген аумақтарда жеке меншік тұрғын үй басым. Халық тығыз орналасқан. Мәселен, Шығыс кентінде 42 мың адам, Водныйда 3200 адам, Восток кентінде 3600 адам тұрады.

— «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалай жүзеге асырамын деп ойлайсыз?  

— Әрине, біздің қызметіміз халықпен тығыз байланысты. Кеше ғана осы үш алаптың тұрғындарымен арнайы кездесу өткіздім. Тұрғындар жол белгілері мен аялдама павильондарын орнату, көлік қозғалысын реттеу, жарықтандыру, қоқыс шығару, қаңғыбас иттерді аулау мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. Алдағы уақытта тұрғындардың ұсыныстарын қарастырып, шешім қабылдайтын боламыз. Ал кездесулер жұмыс кестесі бойынша ұйымдастырылатын болады.

— Аталған тұрғын алаптарының бүгінгі күні қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

— Нақты айтсам, қазіргі таңда көшелерді қардан тазартып жатырмыз. Қоғамдық көлік жұмысы, жарықтандыру мәселелерін қарастырудамыз. Жалпы, жоспарға алған жұмыстардың бәрін жүзеге асыруға күш салатын боламыз.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
Зарина КӘП,
Дана ТАЛҒАТБЕК

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

05.11.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. ✔️Ұлттық құрылтайдың IV отырысында...

Толығырақ...Details

Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы

04.11.2025
Қазақстанда алдағы уақытта еттің келісі 15-20 мың теңгеге дейін өседі – Сарапшы

Semeytany.kz — Қазақстандық агросарапшы Төлеутай Рахымбеков алдағы жылдары сиыр етінің бағасы келісіне 15–20 мың теңгеге жетуі ықтимал екенін айтты. Ол...

Толығырақ...Details

Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

02.11.2025
Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

Бүгін Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Семейдің шет аудандарында үш спорт нысаны салынуда

30.10.2025
Семейдің шет аудандарында үш спорт нысаны салынуда

Semeytany.kz - Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын қарап, Бобровка кентінде жеке инвестиция есебінен бой...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

25.10.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Республика күні құтты болсын! Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта...

Толығырақ...Details

Семей қаласының әкімі Ерасыл Қажыбаевты марапатымен құттықтады

24.10.2025
Семей қаласының әкімі Ерасыл Қажыбаевты марапатымен құттықтады

Semeytany.kz - Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс белбеу иегері Ерасыл Қажыбаевты қабылдап, жеңісімен құттықтады. Кездесуде Әділет...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көкпекті ауданында Тассай ауылына баратын көпір қайта жаңартылып жатыр

11 часов бұрын

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті

12 часов бұрын

Өңірде 191 есірткіге қатысты дерек тіркелді

12 часов бұрын

Ауыл келбеті – ортақ жауапкершілік: «AMANAT» партиясы экологиялық бастаманы қолдады

2 дня бұрын

ҚАЗПОШТАНЫҢ МАҚСАТЫ ХАЛЫҚ ҮНІН ТҰНШЫҚТЫРУ МА?

2 дня бұрын

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне 600 мың теңге айыппұл салынды

2 дня бұрын

Елеке сазы: Берік Уәли археологиялық жобаларды қолдауға уәде берді

2 дня бұрын

Құрылыс сапасына бақылау күшейтілді: облыс әкімі нақты тапсырма берді

2 дня бұрын

Ақсуат аудандық ауруханасы жаңғыртылуда: күрделі жөндеу 2026 жылдың басында тәмамдалады

2 дня бұрын

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС