"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТА

09.12.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТА
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

7 желтоқсан күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирге шығып, облыс тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Тұрғындар Семей қаласын және ауылдарды абаттандыру, жылумен қамту, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыру сынды өзекті мәселелерді қозғады.

 Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Облыс әкіміне қойылған алғашқы сұрақ мұғалімдерге, дәрігерлерге, мәдениет саласының және мемлекеттік қызметкерлерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға  жыл сайын қатты отын сатып алуға берілетін қаражатқа қатысты болды. Тұрғындардың бірі биыл неге аталған көмек көрсетілмей жатқанын сұрады. Аймақ басшысы бұл мәселе шешіліп жатқанын, алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетінін жеткізді.

ҚР «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы  Заңына сәйкес, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар мемлекеттік әлеуметтік жеңілдіктер алуға құқылы. Тұрғындардың бірі бұл көмек қашан берілетін сұрады.

— Бұл мәселе аталған заң аясында шешіледі. Соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, тыл ардагерлері мемлекеттен әлеуметтік жеңілдіктер ала алады. Ешқандай қиындық жоқ. Қазір облысымызда 12 соғыс ардагері бар. Жыл сайын 9 мамырда жәрдемақы беріледі,- деді Нұрлан Ұранхаев.

Қаладағы №12 мектептің мұғалімдері қараша айының жалақысын әлі алмаған. Тұрғындардың бірі облыс әкімінен жағдайды назарға алуын өтінді.

– Менің білуімше, қараша айының жалақысы мұғалімдерге аударылды. Егер олай болмаса, мен бүгін бұл жағдайды тексеруге бұйрық беремін. Қазір облысымызда қаржыландыру жағынан мәселе жоқ. Мүмкін, техникалық ақауларға қатысты орын алған болар, тексереміз, – деді аймақ басшысы.

Водный кенті әлі күнге орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Кент тұрғындары аталған мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеді.

— Восход және Водный кенттерін сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл Семей қаласының құрылыс бөлімі «Леонстройсервис» ЖШС-мен шарт жасасты. Жұмысты 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр. Келесі жылы бұл мәселе шешілетін болады,- деді Н.Ұранхаев.

Ақсуат ауданының тұрғыны өңірге  «Qazaq Oil» компаниясының жанармай құю станциясын салып беруді өтінді.

— Бұл мәселе былтыр жаз маусымында туындаған. Қазір Ақсуат ауданында 8 жанар-жағармай құю станциясы жұмыс істеп тұр. Инвесторлар Ақсуат ауданында ЖҚС ашуға мүдделі болған жағдайда, облыс әкімдігі көмек көрсетуге дайын,- деді Н.Ұранхаев.

Көкпекті ауданының тұрғыны ауданда балалар ойын алаңдары жетіспейтінін, жолдар жөндеуді қажет ететінін айтты.

— Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы — өте тәжірибелі басшы. Айтылған барлық мәселелерді шешеді деп ойлаймын. 2025 жылға дейін ауданда төрт балалар ойын алаңын салу көзделген, қосымша тағы төрт ойын алаңы пайдалануға беріледі. Жолдарға келсек, 20 көшенің жолын орташа жөндеуден өткізуге бюджеттен 500 млн теңге қаржы қарастырылған,- деді Нұрлан Тельманұлы.

— Шығыс кентіндегі 5 саяжайда кешкі сағат бес-алтыға дейін жарық болмайды. Жөндеу жұмыстары неге жазда жүргізілмейді. Күндіз от жаға алмай отырмыз,- деп сұрақ қойды саяжай тұрғындарының бірі.

— Шығыс кентінде электр желілері тозған. Желілер толық қуаттылықта жұмыс істегенде қысымды көтермей қалады. Сондықтан техникалық ақаулар орын алуда. Қазір тиісті жұмыстар басталды. Он күн ішінде аяқталуы тиіс,- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі қаланың оң жағалауын жылумен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын жеткізді. Ал сол жағалауда жылу жеткілікті, тіпті артықшылық та бар.

– Облыс орталығының ең күрделі мәселелерінің бірі – жылумен қамту мен қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі. Қазір «Орталық» және «Ғаббавов» жылу қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар «103», «103А», «35-квартал» мен «зооветинститут» қазандығының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл қосымша жылу береді. Жылумен қамтамасыз ету тез арада шешілетін мәселе емес, бірақ ауыр апаттарды болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қаржы жағынан еш қиындық жоқ, бәрі жылу желілерінің техникалық жағдайына байланысты, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы сондай-ақ «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы туралы жан-жақты айтып берді.

— Бұл — басқа облыстарда да жүзеге асырылып жатқан типтік бағдарлама. Ауыл жастарының қатысуына келсек, бағдарламаны облыстың басқа қалалары мен аудандарында да қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, – деді облыс әкімі.

Нұрлан Ұранхаев Молдағалиев пен Жамбыл көшелерінің бойындағы үйлердің сүрілуі жайлы да айтып өтті.

– Біздің облысқа қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Соның бірі – қаланы дамытудың бас жоспарын әзірлеу. Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Аталған көшелердің бойына жаңа жағалау, 1200 орындық мектеп, Мұз сарайы, Конгресс-холл салынады. Ақша тұрғындардың барлығына төленеді,- деді Н. Уранхаев.

Нұрлан Тельманұлы жолаушылар тасымалына қатысты тұрғындардың шағымдарына жауап берді.

— Иә, біз барлығын көріп, естіп отырмыз. Қалада автобустар бар, бірақ жүргізушілер жетіспейді және жалақыларына қатысты мәселелер туындап отыр. Біз оларды шешуге тырысамыз. Бір автопаркке 30 автобус сатып алу жоспарлануда, келесі жылы басқа автопарк тағы 40 автобус алады,- деді облыс әкімі.

Бүгінгі күні облыс орталығында қоқыс шығару мәселесі өте өзекті.

— Қоқыс мәселесі менің бақылауда.  Мен де осы қаланың тұрғынымын. Маған да үнемі жақындарым, таныстарым шағымдарын айтады. Қалада жаңа жылдан бастап қоқыс шығару жүйесі басқаша жұмыс істейтін болады. Қала 11 секторға бөлініп, әрқайсысы бойынша өзінің қоқыс шығаратын компаниясы жұмыс істейді,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған баспана салу туралы да айтып өтті. Нұрлан Тельманұлының айтуынша, құрылысқа қаражат 2023 жылы іздестірілетін болады.

Аймақ басышысы 45 минуттың ішінде 33 сұраққа жауап берді. WhatsApp желісіне келіп түскен сұрақтарға алдағы уақытты жауап қайтарылатын болады.

Айта кетейік, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарда бар. Келесі аптада әкім орынбасары Димитрий Гариков тікелей эфирге шығатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

21.04.2026
Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

Semeytany.kz – Абай облысы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері онлайн форматта өткен...

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

09.04.2026
Олжас Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін және орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ормандарды...

Толығырақ...Details

Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

07.04.2026
Шығыс кентінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

Semeytany.kz – Семей қаласының Шығыс кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №53 жалпы орта білім беретін жаңа мектеп пайдалануға...

Толығырақ...Details

Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

02.04.2026
Семейдегі сауда орындарының жайы сын көтермейді: облыс әкімі қатаң тапсырма берді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, олардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылу деңгейін тексерді....

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай ауданының жаңа әкімін таныстырды

01.04.2026
Облыс әкімі Бесқарағай ауданының жаңа әкімін таныстырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының жаңа әкімі болып сайланған Ділдар Қалиқанұлы Қалиқанды аудан активіне таныстырды. «Қазақстан...

Толығырақ...Details

Тұрғындар мәселесі облыс әкімінің жеке бақылауына алынды

01.04.2026
Тұрғындар мәселесі облыс әкімінің жеке бақылауына алынды

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға облыстық басқарма басшылары мен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының әкімі Берік Уәли ауқымды республикалық кітап эстафетасына бастау берді

3 часа бұрын

Семейде «Көктем-Антитеррор 2026» оқу-жаттығуы өтеді

3 часа бұрын

Ауылға серпін: Абай ауданында кәсіпкерлік жаңа деңгейге көтерілуде

22 часа бұрын

Тоқаев: Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер

22 часа бұрын

Қазақстан мен Моңғолия 13 құжатқа қол қойды

22 часа бұрын

Заң мен Тәртіп: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4 660 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

22 часа бұрын

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 32 іс-шара іске асырылады

22 часа бұрын

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

2 дня бұрын

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

2 дня бұрын

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС