"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

19.01.2023
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошиловтың қатысуымен облыстағы өнеркәсіп саласының дамуы туралы брифинг өтті.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы қала өнеркәсібінде үлкен өсім байқалған.

– Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, саланың өсу қарқыны 1,1 триллион теңгені құрады. 2021 жылы бұл көрсеткіш небәрі 910 млрд теңгені құраған еді. Облыс өнеркәсібінің негізгі салалары — тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде машина жасау, металлургия өнеркәсібі, металл емес минералды өнімдерді, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіру. Аймақта жалпы саны 67 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді Өнеркәсіпте бірнеше бағыт болса, еліміз бойынша және біздің облыста өңдеу өнеркәсібі саласы негізгі болып табылады. Оның көлемі өткен жылы 454,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте біздің облыс өнеркәсіптің, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып табылады. 2022 жылдың желтоқсанында ArxMinerals жобасының бірінші кезеңі іске қосылды. Бұл біздің өңірдегі жер қойнауын пайдалану саласындағы ірі кәсіпорын,- деп атап өтті Рүстем Ворошилов .

Басқарма басшысының айтуынша, өнеркәсіп саласы 25 жылдай тоқырауда болған Семей қаласында алдағы уақытта ірілі – ұсақты кәсіпорындар ашылмақ. Ал жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп орындары өндіріс көлемін арттыратын болады.

2025 жылы Семейде жаңа ет комбинаты іске қосылмақ. Бұл ірі жоба, экспорттан бөлек, ішкі нарықты да етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа комбинатта ірі қара мал мен жылқы, қой етін өндіру жоспарланған. Құны 18 миллиард теңгені құрайтын жоба аясында 200-ден астам жұмыс орны ашылмақ. Заманауи — вакуумдық қаптамада шығарылатын өнімді тұтынушы кез келген көлемде сатып ала алады. Кәсіпорында  мал союдан бастап экспортқа дейін толық өңдеу процесі жүргізіледі.

– Біздің негізгі мақсатымыз – инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Семей қаласының аумағында «Өндіріс» индустриялы аймағы бар. Мұндай аймақтарда экономиканың басым секторлары — өңдеуші кәсіпорындар құрылады. Мұндай секторлар ұлттық жобалар аясында субсидиялау арқылы қаржыландырылады. Осылайша, инвесторлар тарту үшін жаңа кәсіпорындар құру міндетін алға қойып отырмыз. Мәселен, қараша айында облыс әкімі меморандумдарға қол қою үшін форумға барды. Осылайша, біз инвесторларды тартуға тырысамыз,- деді Рүстем Ворошилов.

Басқарма басшысы машина жасау саласына да айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өтті.

— Қазір «Семмаш» зауытымен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жалақы мәселесі шешілді. Кез келген өнеркәсіптік өндіріс энергияны көп қажет ететінін айтқым келеді. Қазір бос тұрған үй-жайлардың иелерін анықтау үшін скрининг жүргізіп жатырмыз. Болашақта жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындарды шағын индустриялық парктерге айналдыру жоспарымызда бар. Шағын индустриялық парк —  бұл инфрақұрылымы бар дайын ғимарат. Оның аумағы жеке учаскелерге бөлінеді. Басты артықшылығы – жер телімдерін нарық бағасынан төмен бағаға жалға алуға болады. Негізгі мақсатымыз – өнім көлемін арттырып, отандық өндірісті дамыту,– деді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

11 часов бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 день бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 день бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 день бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС