"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?

06.04.2023
КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Биыл облыста егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың гектарға артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Анзор Абаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

Баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы көктемгі егіс науқанына дайындық барысы туралы айтты. Анзор Абаевтың айтуынша, биыл егіс алқабының жалпы көлемі 743,6 мың гектарды құрайды, бұл 2022 жылғы деңгейден 1,2 мың гектарға артық. Күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдар егілетін алқапты 12,4 мың гектарға, ал мал азығы дақылдары алқабын 4,5 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

— Күнбағыс — ең қажетті дақылдардың бірі. Сонымен қатар шаруашылықтарда дақылдарды алмастыру жүргізіледі. Дәнді-бұршақты дақылдар егістігі 15,1 мың гектарға қысқарады деп болжануда. Ал көкөніс, бақша дақылдары мен картоп алқаптары да ұлғайтылып, 0,08 мың гектарға егіледі деп жоспарлануда. Облыста 4 тұқым өсіру және бір элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттарының тұқымдарымен қамтамасыз етеді,- деді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта тұқымдық материалды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сорттарды жаңарту және тұқымдық материалды ауыстыру мақсатында шаруашылықтар жоғары репродукциялы тұқымдарды сатып алады.

— Биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 790,0 млн теңге, популяциясы зиянды және аса қауіпті зиянкестерді өңдеуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің құнын субсидиялауға 790,0 млн теңге, популяциясы зияндылықтың экономикалық шегінен асатын және карантиндік объектілерге 529 млн  теңге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялауға 135,6 млн теңге, пестицидтерді залалсыздандыруға 1,3 млн теңге, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күресу шараларына 4,9 млн теңге, органикалық өнімдерді қоспағанда, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 653,0 млн теңге қарастырылған,- деді Анзор Абаев.

Егіс науқанын техникамен қамтамасыз ету үшін тракторлар, топырақ өңдеу және егіс техникалары бар. Сонымен қатар шынжыр табанды және дөңгелекті 12 900 көлік  дайындалған. Жөндеу және дайындық жұмыстары жалғасуда. Облыс бойынша дала жұмыстарына Павлодар мұнай өңдеу зауытынан 19,3 мың тонна дизель отыны бөлінген. Операторлардың шығындары ескеріле отырып, облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 207-210 теңгені құрайды.  Бүгінгі таңда аудандарға 1,6 мың тоннаға жуық жанармай жөнелтілген.
– Биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 1,3 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 579,6 миллион теңгеден астам сомаға 25 өтінім мақұлданды,— деп түйіндеді сөзін Анзор Абаев.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС