"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

179 ТҮЛЕК — «АЛТЫН БЕЛГІ» БЕЛГІГЕ ҮМІТКЕР

29.05.2023
179 ТҮЛЕК — «АЛТЫН БЕЛГІ» БЕЛГІГЕ ҮМІТКЕР
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Абай облысында 4 522 оқушы мектеппен қоштасқалы отыр.  Оның ішінде 179 түлек — «Алтын белгі» белгіге үміткер. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысы Білім басқармасы басшысы Нұржан Ахметқалиевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Ерзат ЖЕТІБАЕВ,
«Semeı tańy»

Биыл оқушылардың жазғы демалысына өзгеріс енгізілгені белгілі, яғни мектептегі сабақтар 31 мамырда аяқталады. Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 4 034 (87 пайыз) түлек өтініш берген.

Басқарма басшысы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайына да тоқталды.

Білім басқармасы тарапынан жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру жөніндегі бұйрық; іс-шаралар жоспары, тұжырымдамасы, сондай-ақ күнтізбелік-тақырыптық іс-шаралар қамтылған балаларды бос уақытында жұмыспен қамту картасы дайындалған.

Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық тынығуына, олардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға, денсаулығын нығайтуға жағдай жасау мақсатында облыста демалыс лагерьлері мен мектеп жанындағы сауықтыру алаңдары ұйымдастырылады.

— Жазғы демалысты ұйымдастыруда үш негізгі бағыт анықталды: сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру; балаларды (мектеп жанындағы лагерьлер, қосымша білім беру ұйымдары), оның ішінде жекелеген санаттағы балаларды жазғы іс-шаралармен қамту;  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл ретте облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, төтенше жағдай, полиция, денсаулық сақтау және қоғамдық ұйымдар департаменттерінің өкілдерінен тұратын облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссиялар құрылған,- деді басқарма басшысы.

Бүгінде Абай облысы бойынша  балаларға арналған 12 сауықтыру лагері бар, оның 9-ы — мемлекеттік, 3-уі — жекеменшік. 7 лагерь Семей қаласының аумағында орналасса, 5-уі ауылдық жерлерде, қалған 2-уі мектептер жанынан ашылған. Балалар лагері жоқ Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай және Көкпекті аудандарындағы әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары облыстың басқа аудандары мен қалаларындағы лагерьлерде демалатын болады.

— Барлық жаздық лагерьлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздік, аумақты абаттандыру және лагерьлер қызметін ұйымдастыру бойынша басқа да іс-шаралар пысықталуда. Жалпы, жазғы сауықтыру лагерьлерінің балаларды қабылдауға дайындық деңгейі қанағаттанарлық деуге болады. Арнайы педагогтер, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен лагерь қызметкерлерінің штаты жасақталуда,- деді Білім басқармасы басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты еңбекке баулу, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру өте маңызды.

— Ауыл мектептері шаруа қожалықтарымен ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жалғастырады. Еңбек заңнамасына сәйкес, ата-аналарының келісімі бойынша, жас ерекшелігі және уақыт шектеулері ескеріле отырып, оқушылар келісімшарт негізінде егін егу және егін жинау науқанында өз қалаулары бойынша жұмысқа тартылатын болады,- деді басқарма басшысы.

Балалар туризмі аясында оқушылар республиканың киелі жерлер географиясына енген тарихи орындарға, өңіріміз бен еліміздің көрікті жерлеріне барады.

920 оқушыны (олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, түрлі конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздары, әлеуметтік осал санаттағы балалар) «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры есебінен «Үржарайым» (Үржар ауданы) және «Айналайын» (Алматы қ.) лагерьлеріне жіберу жоспарланып отыр.

Баспасөз мәслихатының соңында Білім басқармасы басшысы БАҚ өкілдерінің ҰБТ-ға қатысты қойған сұрақтарына жауап берді.

ҰБТ өтіп жатқан орындарда, қажет болған жағдайда, тест тапсырушыларға психологиялық тұрғыда көмек көрсету үшін арнайы психологтер кезекпен жұмыс істейтін болады.

— Биылғы түлектердің ішінде шет елдерде, оның ішінде Ресейдің оқу орындарында білім алуға ниетті оқушылар саны азайған. Сондай-ақ жылдан-жылға ҰБТ-ны ұйымдастыру кезінде ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлықтың алдын алу мақсатында бақылау күшейтіліп келеді. Әзірге тест тапсырушылар тарапынан шағымдар болған жоқ,- деді Нұржан Ахметқалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

15 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

16 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС