"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Абай облысында, Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай, «Шәкәрім рухына тағзым» атты кең көлемді іс-шара өтті.

14.07.2023
ДАНА РУХЫНА ТАҒЗЫМ
49
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

11 шілде күні ақын, ұлы ойшыл, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толды. Осыған орай, Семей қаласының орталық саябағындағы Шәкәрім ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақын рухына тағзым жасалды.
Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, жастар, әр саланың өкілдері, ақынның ұрпақтары да қатысты. Ақынның мерейтойына орай Алматы қаласының Талғар ауданынан Шәкәрімнің Айғаншадан туған ұлы Зияттың немересі Нұрлан Мерекеұлы отбасымен, сондай-ақ Алматы қаласының Панфилов ауданынан, Астана, Павлодар, Теміртау, Екібастұз қалаларынан ұрпақтары арнайы келді.
Мерекелік іс-шараның мақсаты ақынның ұрпақтарын ата қонысымен, Шәкәрім қажының өмірі өткен тарихи орындармен таныстыру, ақынның шығармашылығын, өмір жолын насихаттау.
— Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны бiл, –
деп жырлаған Шәкәрім бабамыздың өлеңдері – гуманизмнің темірқазығы. Абай елі ұлы бабаларын әрдайым ұлықтап келеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы да өнегелі істермен өрнектелуі керек деп ойлаймыз, — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Ақынның еңбегі мен шығармашылығын зерттеу, есімін мәңгі есте қалдыру бүгінгі ұрпақтың қолында. Шәкәрім мұрасы — ұрпаққа аманат.
— Шәкәрім атамыздың 165 жылдық мерейтойына Алматы облысынан бір топ ұрпақтары келдік. Ұлы ақынның шөбересімін. Шәкәрім атамыздың мерейтойы кең ауқымда аталып өтіп жатқанына қуаныштымыз. Зұлмат заманда өмір сүрген ұлы тұлғаларымыз елден кетуге мәжбүр болды. Дегенмен де олардың қалдырған мол мұрасы, туындылары халқымыздың игілігіне жарап отыр, — деп атап өтті ақынның шөбересі Нұрлан Зиятов.
Іс-шара «Шәкәрім жүрген ізбенен…» керуенімен Абай ауданында жалғасын тапты. Еліміздің әр өңірінен келген ақын ұрпақтары керуенмен Абай ауданына аттанды.
Облысқа арнайы келген мерейтой қонақтары мен ақын ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері Қарауыл ауылындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Одан кейін Жидебайдағы Абай — Шәкәрім мемориалдық кешеніне барып, бабалар рухына Құран бағыштап, зиярат етті. Келесі кезекте алыс-жақыннан жиналған қонақтар «Қаламқас» ән-би ансамблінің әдеби-сазды қойылымын тамашалады.
Сондай-ақ Жидебайдағы амфитеатрда ұйымдастырылған «Шәкәрім баба өсиеті» тақырыбындағы облыстық жазба ақындар мүшәйрасына куә болып, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
Шәкәрім ұрпақтары Абайдың музей-үйі мен «Шәкәрімнің саят қорасы» музейінде болды, Қарауыл ауылындағы М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханада ұйымдастырылған «Шежірелі Шәкәрім» атты кітап көрмесімен танысты.
Күн соңында мерейтой қонақтары Қарауыл ауылындағы Абай алаңында өткен «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар…» атты мерекелік концертті тамашалады.
Айта кетейік, мерейтойды өткізу жөнінде облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жыл басынан бері 100-ге жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды.
Биыл «Абай жолы» кітаптар сериясымен ақынның орыс тіліндегі өлеңдер жинағы шығарылады. Шәкәрім атындағы университеттің бастамасымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Абай облысы әкімдігі

Мақалада: ДАНА РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

13 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

15 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

15 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

15 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

17 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

18 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

18 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

18 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

19 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС