"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА

01.08.2023
АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Өңір басшысы халық алдында есеп беру кездесуінде биылғы жарты жылдықтағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап, ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Биылғы жарты жылдықта облысымыз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, бұл жетістіктерде Бесқарағай ауданының үлесі де бар. Ауданда тау-кен өнеркәсібі саласында «ГРК Электрум», «Семей Орда», «Қазникель, өңдеу өнеркәсібінде «Лесресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істейді. Ауданның тамылжыған тұмса табиғаты әсіресе ауыл шаруашылығымен айналысуға мол мүмкіндік береді.
— Агроөнеркәсіп кешені биылғы алты айда 22,2 пайызға өсті. Осы кезең ішінде өнеркәсіпте өндірілген 670 млрд теңгеден астам өнім көлемінің 870,7 млн теңгесі Бесқарағай ауданына тиесілі. Сонымен қатар облысқа тартылған 230 млрд теңге шамасындағы инвестицияның 2,6 млрд теңгесі де ауданның үлесінде. Қазіргі көрсеткіш бойынша инвестиция тартудан облыстағы өсім 154,2 пайызды құрап отыр, — деді облыс басшысы.
Қазіргі таңда туризм саласын дамыту өзекті болса, ауданның жағажай және емдік-сауықтыру туризмін дамытуда әлеуеті зор. Шипалы Шошқалы көлінен басқа, «Святой ключ» орны, «Елім-ай» демалыс базасы, «Жас қанат», «Радуга» балаларды сауықтыру лагерьлері орналасқан. Сондықтан бұл жерде туризм және сауықтыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажет.

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА
Әр салаға жеке тоқталған Нұрлан Тельманұлы тұрғындарды баспанамен қамту да маңызды екендігін айтты.
— Бірінші жарты жылдықта облыс тұрғындары 130 мың шаршы метрден астам тұрғын үйге қоныстанды. Бесқарағай тұрғындарының игілігіне 2 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй берілді. Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберінде облыста 65 медициналық нысан салу жоспарланған. Ал аудандық ауруханасына медициналық техника сатып алуға 45,4 млн теңге қарастырылып отыр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 511 млн теңгеге 4 мәдениет мекемесін қайта жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 55,7 млн теңге бөлінді, — деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
Жас ұрпақтың алаңсыз білім алуына жағдай жасау – мемлекет алдындағы маңызды мәселенің бірі. Облыс мектептерінде орын тапшылығы бары белгілі. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5700 орындық 11 мектеп салу және 2100 орындық 6 мектепке қосымша құрылыс жүргізу арқылы мәселені шешу жоспарланған.
Былтыр аймағымызда 1700 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға берілген. Оның бірі – осы ауданның Жыланды ауылында салынған 100 орындық мектеп.
Аймақ басшысы аудандағы кейбір білім беру мекемелерін салу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, модификацияланған кабинеттерді сатып алуға бағытталған шаралар облысты дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспарына енгізілгенін айтты.
Облыс әкімінен соң Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында қарағайлы өлке қол жеткізген жетістіктер жайлы баяндады.
Кездесуден кейін облыс басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, базыналарын тыңдады. Қабылдаудан кейін ауданда салынып жатқан және жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан бірнеше нысанды аралады.
Нұрлан Тельманұлы алдымен «Айналайын» балабақшасына барды. Былтыр жаңа облыс құрылған сәтте бесқарағайлықтар іргесі құлап, қабырғасы сөгіліп, апатты жағдайда тұрған балабақшаны күрделі жөндеуге қаражат бөлуді сұраған болатын. Ағымдағы жылы 54,8 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстарын мердігер мекемелер – «ИТМ КАРГО» ЖШС мен «ArhiVa Architects» ЖШС қолға алған. Аймақ басшысы балабақшадағы құрылыс барысын тексеріп, мердігерге жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.
— Жұмыс қарқыны өте баяу, жеделдету керек. Жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау қажет, — деп ескертті Нұрлан Ұранхаев.
Сондай-ақ облыс әкімі Канонерка ауылындағы мәдени нысанның жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 31 тамызда аяқталу керек болатын. Алайда, ішкі жөндеу жұмыстары жоспарға кірмегендіктен, мердігер мекеме нысанды ерте тапсыруға ниетті.
Осыдан соң аймақ басшысы осы ауылда салынып жатқан қос пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен, Жыланды ауылындағы былтыр пайдалануға берілген мектептің жабдықталуымен танысты.

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА
Айта кетсек, өткен оқу жылында бұл мектептегі 71 оқушыға 18 ұстаз білім берген. Білім ошағында 14 оқу кабинеті және бір робототехника кабинеті ашылған. Сондай-ақ спорт залы, жасанды жабыны мен қоршауы бар футбол алаңы, жабық ойын орталығы бар.
Аудан әкімінің айтуынша, ауылға кіреберіс жолды қайта жаңарту және мектепке дейінгі жолды асфальттау көзделіп отыр.
— Қазір біз мектепке дейін жол салу мәселесін пысықтап жатырмыз. Ауылға дейінгі жолды жөндеу қарастырылмаса да біз балалар үшін жол салуды жоспарлап отырмыз. 1 қыркүйекке дейін мектептер мен балабақшалардағы барлық жұмысты аяқтаймыз. Нысандар оқу жылына дайын болады, — деп қорытындылады сөзін аудан әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз – Мемлекет басшысы

01.07.2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі   Құрметті отандастар!   Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

03.06.2026
Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументі мен оған іргелес аумақты қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды....

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

18 часов бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

18 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

18 часов бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

18 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

18 часов бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

18 часов бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

18 часов бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

18 часов бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

18 часов бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС