"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

26.04.2016
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

25 сәуір күні, Семей қаласына Сауд Арабиясы Корольдігінен арнайы делегация келді. Шетелдік меймандар жақында ғана пайдалануға берілген туберкулезге қарсы балалар ауруханасын ресми түрде тапсырды. Шығыс Қазақстан облысында заманауи үлгімен салынған денсаулық мекемесін қабылдап алу құжатының қол қою рәсіміне қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты.

Семей қаласындағы туберкулезге қарсы балалар ауруханасы Сауд Арабиясы Корольдігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында қол қойылған меморандум аясында бой көтерген болатын. Сексен орындық емхана туберкулезбен ауыратын балаларға профилактикалық, диагностикалық және стационарлық көмек көрсетеді. Бүгінде жаңа нысанның жұмыс жасап жатқанына бір жыл болған. Осы уақыт аралығында шетелдіктер нысанды бақылауларына алып, толықтай жұмыс істеп тұрғанына көздері жеткеннен кейін барып елімізге тапсырып отыр. Құжаттарға қол қою рәсімінде алғаш болып сөз алған Сауд Арабиясы Корольдігі өкілдері елдерінің қаржы министрлігі атынан ризашылықтарын білдіріп, емхананың ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді. Мәртебелі меймандар сондай-ақ болашақта да осы сынды бірқатар жобаларға қатысатындарын жеткізді. Ал қала әкімі Ермак Сәлімов шетелдік қонақтарға осы уақытқа дейін атқарылған ауқымды істері үшін, сондай-ақ өңіріміздегі жобаларға қатысуға ниет білдіріп отырғандары үшін алғыс айтты.

— Биыл барша әлемге өзінің қауіп-қатерін төндірген Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толып отыр. Семей ядролық полигонын жабу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегі арқасында іске асты. Мемлекет басшысы жуырда АҚШ-қа жасаған ресми сапары кезінде әлемдік қауымдастықты Семей қаласына назар аударуға шақырған болатын. Президент бірінші кезекте ядролық сынақтардан зардап шеккен тұрғындарды сауықтыруға атсалысуға шақырған еді. Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызды осы салаға қосқан үлестеріңіз деп білеміз. Сондықтан сіздерге ризашылығымыз зор,- деген Ермак Бидахметұлы бүгінгі күні заман талабына сай ғимарат пен заманауи құрылғылардың және білікті дәрігерлердің нәтижелі жұмыстарының арқасында әлемді шарпыған дерттің өңіріміздегі балалар арасындағы ауру көрсеткіші біршама төмендегенін атап өтті. Шаһар басшысы ресми шара соңында мәртебелі меймандарға естелік сыйлықтар табыстады.

Делегация құрамы адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас әлемдегі татулықтың кепілі екенін, болашақта да қос ел достық қарым-қатынаста болатынын айта келе, қатерлі індеттің елімізде мүлде болмауына тілектестік білдірді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

12.07.2025
Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

Semeytany.kz – Курчатов қаласындағы «Компания Балапан Көлігі» ЖШС-нің өндірістік базасы өңірлік теміржол тасымалының маңызды нүктесіне айналған. Облыс әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

12.07.2025
Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

Semeytany.kz – Курчатов қалалық ауруханасының материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Өңір басшысы Берік Уәли емдеу мекемесіне арнайы барып, жүргізілген жөндеу...

Толығырақ...Details

Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

12.07.2025
Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

Semeytany.kz – Курчатов қаласында бос тұрған тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли шаһарға жұмыс...

Толығырақ...Details

Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

12.07.2025
Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуге келгендер жылу мен ауыз су...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

12.07.2025
Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы қаладағы әлеуметтік-экономикалық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

12.07.2025
Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

Semeytany.kz – Абай облысында 13 ауыл алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толықтай бас тартқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Көмір жеткізіп, өңірді қамтып отыр: облыс әкімі Курчатовтағы техникалық орталыққа барды

2 дня бұрын

Курчатов ауруханасы жаңарып келеді: әкім үшінші қабатты жөндеуге уәде берді

2 дня бұрын

Курчатовта екі көпқабатты үй жөнделіп жатыр: кезекте тұрғандар қоныс тойын күтуде

2 дня бұрын

Курчатов тұрғындары қандай мәселелер көтерді? Облыс әкімі жауап берді

2 дня бұрын

Курчатов қаласының дамуы – назарда: облыс әкімі тұрғындармен кездесті

2 дня бұрын

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

2 дня бұрын

Абай облысында орман және дала өрттеріне қарсы шаралар күшейтілді

2 дня бұрын

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

2 дня бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

2 дня бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС