"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

17.05.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қалалық әкімдікте қала әкімі Ермак Сәлімовтің, салалық бөлім, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды сұрақтар қаралды. Оның ішінде қаланы абаттандыру мәселесі ерекше айтылды. Қаланы аббаттандыру жұмыстары жайлы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев баяндады. Өз сөзінде Амантай Хайроллаұлы қаланың санитарлық тазалығын сақтау, көшелердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен таныстырды.

— Маусымдық сенбіліктерден бөлек, қалада санитарлық тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Семейде қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 8 мекеме айналысады. Олар жеке және заңды тұлғалармен де жұмыс істейді. Ағымдағы жылы біраз жұмыстар атқарылды. Дегенмен мәселелер де жоқ емес. Азаматтардың барлығы қалдықтарды төгу туралы арнайы мекемемен келісімшартқа отырмайды. Нәтижесінде қалада бейберекет төгілген қоқыстар пайда болуда. Сондықтан біз өзге аумақтардағы шығындарды қысқартуға мәжбүрміз. Мәселен, көшені жарықтандыруға кететін қаржыны осындай жиналған қоқыстарды тазартуға жұмсауға тура келеді,- дейді А.Өтелбаев.

Кәріз қақпақтарының ашық қалуы, абаттандыру, ескірген ағаштарды кесу сияқты көптеген маңызды проблемалар әлі де күн тәртібінде тұр. Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының есебін тыңдаған Ермак Бидахметұлы бөлім жұмысына көңілінің толмайтынын білдірді және Орталық саябақтың жөндеу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

— Орталық саябақты жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын. Қажет болған жағдайда, бірнеше ауысымда жұмыс істеу керек. Қала тұрғындары үшін жайлы демалыс орындары қажет,- деді қала әкімі.

«Семей тазалық» ЖШС Семей халқының 70 пайызына қызмет көрсетеді. Тазалық айлығы аяқталуға жақын болса да, қаланың шет аймақтары қоқыстан тазармаған. Ермак Бидахметұлы мекеме басшысын сынға алды.

— Дұрыс жұмыс істемейсіздер. Тұрғындар неге қоқысты бейберекет төгеді?- деді Е.Сәлімов. — Өйткені қоқысты лақтыратын басқа орын жоқ. Халықтан шағым көп түседі. Сіздер халықтың 70 пайызына қызмет көрсетесіздер. Сондықтан қала тазалығына сіздер жауаптысыздар. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жұмыс істеңіздер. Тұрғындар риза емес. Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін де пайдалану керек,- деді Е.Бидахметұлы.

Отырыс барысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы, материалдық-техникалық базасын жақсарту, құқық бұзушылық пен қылмыс оқиғаларын азайту шаралары да сөз болды. ІІБ өкілінің кезекті есебін тыңдаған қала әкімі учаскелік полиция қызметін жақсартып, қоқыс төгу мекемесімен келісімшартқа отырмаған тұрғындармен жұмысты жандандыруды, сондай-ақ ІІБ басшысы Дулат Қазақбаевтың қатысуымен баспасөз мәжілісін ұйымдастыруды тапсырды.

Отырыста қаралған екінші мәселе оқушылар мектепке баратын жолдардың қауіпсіздігі жайлы болды. Қалалық білім бөлімі басшысы Наталия Фесенконың айтуынша, бүгінде Семейде оқушылар үшін қауіпті деп саналатын 200-ден астам жол бар.

— Әрбір оқушыға жекелей мектепке келуге қауіпсіз деп саналатын маршруттарды анықтадық. Жол ережесін түсіндіру жұмыстары күшейтілді,- деді Н.Фесенко.

Отырыста айтылған мәселелер бойынша қала басшысы тиісті бөлімдерге тапсырмалар жүктеді.

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

05.07.2025
Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. 1978 жылы салынған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

05.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына сапары барысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Кездесу...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан облыстық балалар биологиялық орталығына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

04.07.2025
Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ошағының жағдайымен...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

15 часов бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

3 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

3 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

3 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

3 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС