"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАҒАЙЛЫДА

15.10.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 12 қазан күні қала әкімі Ермак Сәлімов Қарағайлы шағын ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде тұрғын үй шаруашылығына қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Тұрғындардың өтініші бойынша аталған ауданға бөлім басшыларымен бірге барған Ермак Бидахметұлы оларды алаңдатқан сауалдарға жауап берді. Аудан тұрғындары үйлерге жылу есептеуішін қою, тұрғын үйлерді интернет жүйесімен қамту, домофон жүйесі мен лифт орнату және басқа да мәселелерді көтерді.

Кездесуде тұрғындар үйлердің сапасына қатысты алаңдаушылық білдірді. Айталық, кейбір үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болған. Мердігер мекеме — «Азия Фирма» ЖШС өкілі жарықшақтың пайда болуы температура мен топырақтың ерекшелігіне байланысты туындайтын қалыпты жағдай екенін, ғимарат құрылысына үш жылға кепілдік берілетінін айтып, сұрақтар болған жағдайда мекемеге келуді өтінді. Келісімшартқа сәйкес, мердігер мекеме үш жыл мерзім ішінде жөндеу жұмыстарын тегін жүргізіп береді.

Қарағайлы шағын ауданындағы үйлерде «ақылды домофон» жүйесі орнатылған. Тұрғындар үйде отырып немесе жырақта жүріп подъезді, үйдің маңайын, автотұрақты, балалар ойын алаңын бақылай алады. Бірақ тұрғындардың көбі одан бейхабар болып шықты. «Спутник» компаниясының өкілі бұл қызметтердің ақылы екенін айтып, қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Сонымен қатар тұрғындар Қарағайлы ықшам ауданына қатынайтын қоғамдық көліктердің аздығын, балалардың мектепке жетуі қиын екенін айтты. Қала әкімі бұл мәселені де қарастыратынын жеткізді.

— Қаладағы барлық бағыттарды тек бір автобуспен қамту мүмкін емес. Бірақ сіздердің өтініштеріңізді қарастырамыз, — деді қала әкімі.

Жаңа аудандағы жаңа тұрғын үйлерде қоғамдық тазалықты, тәртіпті сақтамайтындар да бар. Аталған ауданда полиция бөлімшесі болмағандықтан, ондайларды жазалау қиын. Тұрғындар қала әкіміне осы жағдайды айтты. Қала әкімі бұл мәселені де шешті. Аталған ауданда полиция бөлімшесі ашылады.

— Ел Президенті Семейге келген сапарында Семейді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Осы жоспар аясында Қарағайлы шағын ауданы да дамитын болады. Тағы бірнеше мектеп пен балабақша ашылып, тұрғын үй құрылысы артып, халық саны көбейеді. Семейдің ең дамыған ауданы болатын Қарағайлыда барлық жағдайлар жасалады, — деді қала әкімі.

Сонымен қатар кейбір тұрғындар подъездегі жылу жүйесіне әлі көшіп келмеген тұрғындар үшін ақы төлейтінін айтып шағымданды.

Қала әкімінің тапсырмасына сай, бөлім басшылары кездесуден соң тұрғындармен бірге үйлерді аралап, барлық мәселені қарастырды. Коммуналдық шаруашылық меке-мелерінің өкілдері аталған ауданға келіп, тұрғындармен келімшарттар-ға отырады.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

05.07.2025
Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. 1978 жылы салынған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

05.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына сапары барысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Кездесу...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан облыстық балалар биологиялық орталығына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

04.07.2025
Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ошағының жағдайымен...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

15 часов бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

3 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

3 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

3 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

3 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС