"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

28.02.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығулары ұйымдас-тырылып, оның аясында арнайы техникалардың байқауы өтті. Жаттығуға 40 техника мен жүздеген жеке құрамның мүшелері қамтылып, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығының техникалары, көлік қызметі, Ұлттық ұланның, жергілікті полиция қызметінің, Төтенше жағдайлар басқармасының, жедел жәрдем қызметінің, ШҚ АЭК және «Қазтелеком» бригадалары және апатты жағдай бола қалса тұрғындарды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін, қонақ үйлерге орналастыруды ұйымдастыратын ветеринарлық және кәсіпкерлік бөлімдері қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі күні «Турист», «Семей» қонақ үйлерімен және «Қарағайлы» сауықтыру кешенімен меморандум жасалған.

Іс-шара аясында сонымен бірге Водный кенті аумағында да арнайы оқу- жаттығу өткізілді.

— Басты мақсатымыз — Семей өңірінде су басудың алдын алу, жаттығу барысында арықтарды, су жүйелерін, көшелерді қоқыстардан тазарту. Сонымен қатар еріген қар суы жиналуы ықтимал аумақтар тазартылады. Бұл жұмыстар шартты түрде емес, нақты атқарылады. Әзірге айтарлықтай  қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен су тасқынына қарсы шараларды жүргізудеміз,- дейді ТЖ басқармасының азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Қымбат Көпбаев.

Бүгінгі күні тұрғын үй секторындағы көшелер қардан тазартылуда. Қыс басталғалы 250 мың шаршы қар шығарылды. Орталық көшелер тазартылды. Қазір  жеке сектордағы Сейфуллин мен Қажымұқан көшелерінен қар шығарылуда. Жиыны 450 мың  шаршы  қар шығарылады деп күтілуде. Су басу қаупі жоғары аумақтар анықталып,  мониторинг жүргізілді. Қала әкімі сондай-ақ  кәріз жүйелері су ағынын қалыпты өткізбейтін аумақтарда және Селевин, Абай мен Қабанбай батыр көшелеріндегі жол өткелдерінде техникалық шаралар өткізу қажеттігін атап өтті.

— Су тасқынына дайын болуымыз керек. Биыл қар өте көп. Тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары мұндай жағдай қалада болмапты. Техникалық шаралар жүргізілді, дегенмен, қар күрт ерісе, инженерлік жүйенің дайындығына қарамастан, қауіпті жағдай туындауы мүмкін. Су соратын машиналарға тексеру жүргізілді. Бүгінгі күні 62 техника күн сайын қар шығаруда. Бұл, әрине, аз. Қаражат жетпейді, сондықтан облысқа шығып, бізге қосымша қаржы бөлуді сұрадық. Өтінішіміз қолдау тапты. Еріген қар суын сорып әуре болғанша, қазірден бастап шығарып тастауға күш салуымыз қажет,- дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Екі күнге жалғасатын оқу-жаттығу барысында нақты қауіптің алдын алу үшін барлық шаралар әбден пысықталмақ. Әрине, техниканың саны ғана емес, жұмыс сапасы да маңызды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

05.07.2025
Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. 1978 жылы салынған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

05.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына сапары барысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Кездесу...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан облыстық балалар биологиялық орталығына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

04.07.2025
Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ошағының жағдайымен...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

15 часов бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

3 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

3 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

3 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

3 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС