"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СЕРЕБРЯНСК ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

28.07.2021
АЙМАҚ БАСШЫСЫ СЕРЕБРЯНСК ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 шілде күні ШҚО әкімі Даниал Ахметов Серебрянск қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аймақ басшысы маңызды әлеуметтік жобалардың іске асу барысымен танысты.

Даниал Кенжетайұлы алдымен жалпы ауданы 5 мың шаршы метрге жуықтайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын барып көрді. Нысан келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілмек.

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СЕРЕБРЯНСК ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

Кешенде жекпе-жек, жеңіл атлетика және ойын спорты түрлерімен айналысуға арналған залдар қарастырылып отыр. Барлық халықаралық стандарттарға сай келетін футбол алаңы мен 400 метрлік 4 жүгіру жолағы да болады.

Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша Серебрянск әкімдігі қалалық жағажайды талапқа сай етіп қайтадан жасау жобасын дайындап жатыр. Енді Ертістің жағасы қалалықтар демалатын тамаша орынға айналады.

Ал биыл күзде Серебрянск қаласының көп балалы отбасылары қоныс тойын тойламақ. Қалада «Бір қабатты шығыс» жобасы аясында жаңа үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Айта кету керек, бұл үйлерді жергілікті құрылыс компаниясы салып жатыр. Жақын арада дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері және балалар үйінің түлектері де баспаналы болады. Бұл үшін аудан әкімдігі бұрынғы тігін фабрикасының жатақхана ғимаратын сатып алған. Қазір жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Екі бөлмелі 40 пәтер дайын күйде тапсырылмақ.

Сондай-ақ бұрынғы Серебрянск бейорганикалық өндіріс зауытының ғимаратын жөндеу жұмыстары басталады. Бірінші қабатта жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының филиалы, екінші және үшінші қабаттарда үйірмелер, шығармашылық студиялар мен музыка мектебі, төртінші-бесінші қабаттарда спорт секциялары орналасады.

Ғимараттың бірінші қабатындағы концерт залын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Осылайша, жаңа мәдени-спорт нысаны тұрғындар игілігіне жұмыс істемек.

— Қалаға жаңа мәдени-спорт нысаны өте қажет. Өйткені тек музыка мектебінде қазірдің өзінде 350 бала оқиды. Бұдан бөлек қаншама шығармашылық топтар бар,- деді Даниал Ахметов.

Серебрянск қаласын абаттандыру жұмыстары жалғаса береді. Өткен жылы жолдар жөнделіп, жылумен қамтамасыз етудің барлық мәселелері шешілді. Педагогтер мен дәрігерлердің тұрғын үй мәселесі де жуық арада шешімін таппақ.

Қаланың тұрғын үй және басқа да әлеуметтік маңызға ие мәселелері облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей бақылауында.

 

Мақалада: Даниал АхметовСеребрянскШҚО

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

05.07.2025
Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. 1978 жылы салынған...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

05.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына сапары барысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Кездесу...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

04.07.2025
Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданының орталығында жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

04.07.2025
Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан облыстық балалар биологиялық орталығына барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

04.07.2025
Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

Әлеумет Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы №42 жалпы орта білім беретін мектепке барып, білім ошағының жағдайымен...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

16 часов бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

3 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

3 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

3 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

3 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС