"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

12.05.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
77
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сен құрметте оны!

 

АЙМАҚ БАСШЫСЫ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Шығыс Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әсіресе соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне бір жарым миллион теңге тарту етілді. Жеңіс мейрамы қарсаңында ШҚО əкімі Даниал Ахметов Өскемен, Семей  және Риддер қалаларындағы ардагерлердің шаңырақтарында болып,  мерекелерімен құттықтады.

Риддер қаласындағы ардагер Павел Прокофьевич Альбоха ұшақтардағы байланыс радиожабдығы механигі болған. «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарын иеленген.

Құрмат Рақымовты облыс орталығының тұрғындары жақсы біледі. Ардагер 1942 жылғы 2 мамырдан бастап жауынгерлік іс-қимылдарға қатысып, бүкіл майданнан өтті, Литва және Беларусь республикаларын жаудан азат етуге қатысты.

Ал Терентьевка ауылының тумасы Степан Мишин 17 жасында майданға аттанып, жеңіске дейін неміс — Литва бандаларын жоюға қатысты. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін зауытта штамптаушы болып жұмыс істеді.

Аймақ басшысы  жақында жүз жасқа толған тыл еңбеккері Анна Лабкованы  да құттықтады. Анна Лабкова «ҰОС жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Облыс басшысы құттықтап барған тағы бір тыл еңбеккері — Масара Нұрғазина, ақын, ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен.

Семейде Даниал Кенжетайұлы  ең алдымен Рашида Хасанованың шаңырағына барды. Рашида Ашрафовна – тыл еңбеккері, 1932 жылы 14 наурызда дүниеге келген.

«1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бейбіт уақытта педагог болып жұмыс істеді. 1973 – 1988 жылдары, құрмет демалысына шыққанға дейін, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтын басқарды. Қазір құрметті демалыста болғанымен, белсенді қоғамдық жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Семей қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі. «Құрмет белгісі» орденін, «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленген.  Сондай-ақ «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық ағарту ісінің үздігі» атақтары бар.
Облыс әкімі құттықтап барған келесі ардагер — Асқар Рахымбаев 96 жаста. 1941 жылы Ақсуат аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге шақыртылған. Шығыс майданда атқыштар полкінің құрамында соғысқан. Румынияны, Брашев пен Мишельді азат ету шайқастарына қатысты. Жауынгерлік ерлігі үшін медальдармен және ордендермен марапатталған. Майдангердің бүгінде 10 баласы, 29 немересі және 44 шөбересі бар.
Ал 97 жастағы ардагер Матвей Юрченко әскери жолын 18 жасында жауынгер ретінде бастаған. 1945 жылға дейін ол 2-ші Украина майданы, 229-атқыштар полкі құрамында ұрыстарға қатысты. Ардагер «Ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Облыс басшысы Даниал Ахметов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне бір жарым миллион теңгенің сертификатын, тұрмыстық техника және азық-түлік себетін тапсырды.

— Майдан даласында соғысып, тылда жұмыс істегендердің бәрінің ерлігі ерен, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Біздің ардагерлеріміздің батылдығы, табандылығы, еңбекқорлығы мен патриотизмі — қазіргі жастарға үлгі. Бізге бейбіт аспан сыйлаған аға буынды құрметтеу — міндетіміз!- деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ШҚО-да 42 соғыс ардагеріне 1,5 млн теңгеден табысталды.  10 754 ардагер, оларға теңестірілген азаматтар және еңбек ардагерлеріне арналған төлемдердің жалпы сомасы 630 500 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ марапатталған тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, блокада кезінде жұмыс істеген адамдарға және Кеңес Армиясының ерікті жалдама құрамына 100 мың теңгеден төленді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден алды.

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: АЙМАҚ БАСШЫСЫ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жидебайда интернет желісі қосылды

21.07.2025
Жидебайда интернет желісі қосылды

Semeytany.kz – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебайдағы музей-қорық аумағында Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды. Бұл...

Толығырақ...Details

Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

18.07.2025
Семейде 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол инфрақұрылымын аралау барысында Юность кентіндегі 14-тұйық көшеде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен...

Толығырақ...Details

Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді

16.07.2025
Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді

Semeytany.kz – Абай облысында суға түсу маусымы басталысымен-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілді. Құтқарушылар патрульдік рейдке шықты, ақпараттық...

Толығырақ...Details

Семейде алғаш рет халықаралық құрылыс фестивалі өтті

28.05.2025
Семейде алғаш рет халықаралық құрылыс фестивалі өтті

Семей таңы – Семей қаласында техникалық және кәсіптік білім беру саласына тың серпін берген ірі шара өтті. Абай облыстық білім...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС