"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АБАЙҒА АПАРАР ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ  

18.07.2022
«АБАЙҒА АПАРАР ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ  
75
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«АБАЙҒА АПАРАР ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбековтың «Абайға апарар жол» тақырыбындағы шығармашылық кеші өтті.

Елуге тарта кітаптың авторы ретінде танылған шығармашылық иесі өзінің өмір жолының үзіндісімен бөлісіп, кеш атауына тоқталды.

  • Еңбек жолымды оқу бітіре салысымен 1978 жылы жаңадан ашылып жатқан Сәбит Мұқанов музейінде экскурсовод болып бастадым. Бір жылдан кейін Қазақ телевизиясының «Құрдастар-Жастар» редакциясына редактор болып ауыстым. Содан бастап БАҚ саласында 22 жыл, атап айтсам, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Халық кеңесі», «Қазақ елі», «Шалқар» газеттерінде қызмет атқардым. Қазақ телевизиясы, газет редакциясындағы жылдар мен үшін үлкен мектеп. Одан кейін мұражай саласында қызмет істегеніме биыл тура 22 жыл. 2000 жылы Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің музей-кешеніне басшы болып келдім. Мұқановтың 100 жылдығы, бір жылдан кейін Мүсіреповтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде өте жоғары деңгейде аталып өтілді. Сол жылдары өзім жасаған экспозицияны 20 жылдан кейін Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай қайта өзгертіп, жаңартып жатырмын, бүгінгі күн талабына сай музей қалыптасуда. Шығармашылық кеш туралы айтатын болсам, биыл мектеп бітіргенімізге 50 жыл толып отыр. Туып-өскен ауылымыз Ақсуат ауданындағы совхоз осыдан он жылдай уақыт бұрын суға кетіп қалды. Ауылдағы үйлер, мектебіміз, мәдени үйіміз, кітапханамыз жоқ болды. 3 шақырым жерден жаңа ауыл салынса да, біз үшін ол бөтен ауыл. Сондықтан кездесуді Семейде өткізіп, шығармашылық кешпен толықтыруды жөн көрдік. Кездесу барысында Абай жолымен жүріп, Жидебайда Абай мен Шәкәрімнің басына тәу етіп, үлкен сапарға шықсақ деген ойымыз бар. Кеш атауын «Абайға апарар жол» деп атауымыз да содан, — дейді Ә. Қайырбеков.

Әдебиеттанушы-философ, Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай ақын жайлы жылы естеліктермен бөлісіп, шығармашылық иесі туралы ақжарма лебізін білдірді. Сондай-ақ, Абай музейі мен Ә.Қайырбеков басқаратын С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов музейі арасындағы шығармашылық байланысқа тоқталды.

«АБАЙҒА АПАРАР ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ   «АБАЙҒА АПАРАР ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ  

Шығармашылық кешінде ақын жерлестер алдында өзінің кейінгі жылдары қаламынан туған оқиғалы өлеңдері мен болмысы бөлек балладаларын паш етіп, жазуда шеберлігі шыңдалып, жаңа өріс тапқан және туындыларының көтерген жүгі турасында әңгіме өрбітті. Ә.Қайырбеков өз кезегінде Абай музейінің қорына өзінің он томдық шығармалар жинағы мен «Назқоңыр», «Ғ.Мүсіреповтың хатханасы» кітаптарын табыстады. Әдеби-сазды кешке жиналған ақынның замандастары, Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен өлеңге жаны құмар жас жеткіншектер шара соңында ақын қолтаңбасы қойылған кітабын сыйға алып тарқасты.

Мақалада: «АБАЙҒА АПАРАР ЖОЛ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

08.08.2025
«Ақ жауын» өнерімен тәнті етті

Кеш барысында күй өнерінің дарабозы Секен Тұрысбековтің сырлы сазға, терең философиялық мазмұнға құрылған шығармалары орындалып, көрермен жүрегінен орын алды. Оның...

Толығырақ...Details

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

04.07.2025
Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

Мәдениет Semeytany.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен қазақстандықтарды құттықтады. Бұл туралы ол...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

28.05.2025
Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

Семей таңы – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысында ерекше форматтағы маңызды жиын өтті. «Бала әл-ауқаты...

Толығырақ...Details

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

28.05.2025
Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

Семей таңы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарихи мәні терең, жүректі толқытатын тың жинақтың...

Толығырақ...Details

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

29.08.2024
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті. «5-ші...

Толығырақ...Details

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

28.08.2024
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қауіпсіз қалаға қадам: Семейде заманауи өрт депосы іске қосылды

21 час бұрын

Берік Уәли: Жылытуға әзірлік пен ауызсу жобалары кешікпеуі тиіс

21 час бұрын

«Приречное» агрофирмасы Семейдің азық-түлік белдеуін күшейтіп, 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы салмақ

21 час бұрын

Президент тапсырмасы бойынша 5,6 млрд теңге көлеміндегі қайтарылған активтер қаржысы Абай облысында медициналық нысандардың құрылысына жұмсалуда

21 час бұрын

Қазақстанда емхананы еркін таңдау науқаны басталды

21 час бұрын

Мақаншыдағы шекара басқармасында сарбаздарды шығарып салу және қарсы алу рәсімі өтті

3 дня бұрын

Семейдегі №35 мектепте «Абай кітапханасы» ашылды: 60 мың кітап оқушыға қолжетімді

3 дня бұрын

Абайда 40 ауыл мектебі TopIQ-Mobil Box-пен қамтылады

3 дня бұрын

Алакөлдегі келесі шомылу маусымына дайындық бүгіннен басталуы тиіс — Берік Уәли

3 дня бұрын

Семейде ЖЭО-3 құрылысы бойынша келіссөздер өтті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС