"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

08.02.2023
ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

 

Сәрсенбі, 8 ақпан күні Семейдегі бизнес және сервис колледжінде басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтті. Семей  қаласы әкімдігі, ардагерлер ұйымы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығымен бірлесе ұйымдастырылған шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердегі жауынгерлік ұрыстарға қатысқан Қарулы Күштердің ардагерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК
«Семей таңы»

Салтанатты шара өзге елдегі ұрыс кезінде құрбан болған жерлестеріміздің, мәңгі жас болып жадымызда сақталып қалған сарбаздар мен сардарлардың рухына және бүгінде ортамызда жүрген ардагерлердің құрметіне ұйымдастырылды. Жиналғандар ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ардагерлер құрметіне ұйымдастырылған шараны шаһар басшысы алғы сөзбен ашты.

— Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! 1992 жылдың маусымынан 2001 жылдың ақпанына дейін 10 мыңға жуық қазақстандық сарбаздар мен офицерлер өзге елге, ұрыс алаңына аттанды. Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, екі мыңнан астам қандасымыз туған жеріне жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін «соғыс» ұғымы мәңгілік жан жарасына айналды. Бүгінде Семей өңірінде өзге мемлекет аумағында ұрыс алаңында жалынды жастығын сарп етіп, ерлік көрсеткен 150 ардагеріміз бар. Олардың қоғамға сіңірген еңбегі, елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктері жастарымыздың бойында патриоттық сезімдерін арттыруға үлкен ықпал етуде. Соғыс ошағында қаза тапқан батырлардың ерліктері әрқашан жерлестерінің жүрегінде, тәуелсіз Қазақстанның тарихында мәңгі сақталып қалмақ, — деп атап өтті Нұрбол Төлегенұлы.

Келесі сөз кезегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары, полковник Асқар Акишевке берілді.

— Құрметті ардагерлер, қонақтар! ХХ ғасырда әлем елдерінде көптеген үлкенді-кішілі ұрыстар болды. Олардың қатарында тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыстар бар. Әскери борышын өтеу кезінде өмірінің соңына дейін Отан алдындағы парызын адал орындап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 17 әскери қызметкер ерлігі мен қаһармандығы үшін «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінгі күні ортамызда жүрген соғыс ардагерлері өскелең ұрпақты патриоттыққа  тәрбиелеу ісіне белсене атсалысуда. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің ерлігі біздің жүрегімізде қалады,- деді.

Тәжік-ауған қақтығысы ардагерлері қоғамының төрағасы Есенгелді Оразбаев 1992-2001 жылдары тәжік-ауған шекарасында ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер ерліктің шынайы үлгісін көрсеткенін атап өтіп, қоғамдық бірлестік атынан қала әкімдігіне, ардагерлер ұйымына, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы мен колледж ұжымына алғысын білдірді.

Жиын соңында қала әкімі Н.Нұрсағатов пен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басшылығы басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыстарда ерлік көрсеткен және жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлес қосып жүрген ардагерлерге марапаттар тапсырды.

Мақалада: ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

4 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

4 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

4 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

4 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

5 дней бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС