"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Көксемеген ат-шапан, патша тағын…

28.07.2021
Көксемеген ат-шапан, патша тағын…
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жанынан құрылған  «Шабыт» шығармашылық орталығының жетекшісі, жергілікті ақын, ардагер ұстаз, ҚР білім саласының үздігі Жұмабақыт Рахметовамен онлайн байланысқа шығып, қысқаша сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Жұмабақыт Толышқызы! Естуімізше, өзіңіз жетекшілік ететін шығармашылық орталықтың құрылғанына жылға жуықтап қалыпты. Орталықты ашудағы мақсаттарыңыз қандай еді?

— Мақсатымызды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген сөзімен байланыстыра айтуды орынды санаймын.

Елбасы айтқан «ұлттық код» — аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипат біздің бойымызда отбасы, балабақша, мектеп және қоғамдық ортадағы қарым-қатынастар арқылы қалыптасатын күрделі процес деп айтуымызға да болады.  Тағы да бір көңіл аударарлығы, халықтың ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамтитындығында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы. Сол себепті «Шабыт» шығармашылық орталығында,  ақындар сыныбымен бірге, айтыс, драма, көркемсөз өнеріне  баулитын қосымша сыныптар да бар. Мұны қазіргі жаһандану кезеңінде жойылып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені құба-құп екенін насихаттау деп түсінуге болады. Орталықты ашуға ықпал етіп, қолдау көрсеткен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Әлімханқызы мен кітапхана директоры Дариға Алшынбаеваның еңбектері ерекше. Сондай-ақ кітапханашылар Нәзигүл Мұхтарқызы, Айгүл Құрманқызы, Айгерім Аманжолқызы, Гүлжан Манарбекқызы, Айнұр Еркінқызына шығармашлық орталықтың жұмысын ілгерілетудегі әріптестік көмектері мен әдістемелік ізденістері үшін алғыс білдіремін.

— Бүгінгі жыландай жұтынып тұрған мына ғасырда қазақтығымызды сақтап қалудың, ұлт ретінде жойылып кетпеудің жолдары қандай деп ойлайсыз?

— Ол үшін ұлттық кодты жаңғыртып, бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тамырынан ажырап қалмауымыз  керек. Ұлттық жад дегеніміз әр халықтың бойына біткен аңғарымпаздығы мен сұңғылалық қасиеті. Мысалы, ауыз әдебиетімізде бағзыдан келе жатқан «Аяз би» ертегісі бар. Сол ертегіде Мадан деген хан қырық уәзіріне «Ең жаман адамды табыңдар!» деп тапсырма береді. Уәзірлердің тауып келгені «жаман адам» болмай шығады. Ол аңғарымпаздық, сұңғылалық қасиетке ие әрі ұлттық жадын сақтаған жан екен.

Тағы бір мысал, күллі қазаққа аты мәлім Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде құмға көміліп, қуарып жатқан жылқының бас сүйегін көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзінің ойындысы терең, жарқабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануардың. Тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоянтірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермеген, жасы тоғыздан асып, онға қараған шағында өлген екен жануар. Өлгеніне үш жыл болыпты»,- депті.
Мінеки, ұлттық жады бүлінбеген бұрынғы ата-бабаларымыз қу сүйекке қарап-ақ оның қандай жануар болғанын айтып берген. Жоғарыдағы қу бас арқылы тұлпарды жазбай таныған Толыбай да, ханның іс-әрекетінен оның тек-тұқымын біле қойған  Жаман да осы «ұлттық код – ұлттық жады» ілімін  игергендер.
Болашақта қазақ осы қабілетін қайтарып алуы керек.

— Ондай күннің туатынына бәріміз де сенейік! Өзіңізге рақмет айта отырып, әріптесіңіз — тарбағатайлық ақын, өнер жанашыры Серік Жұматтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған мына бір шумақпен бүгінгі сұхбатты айяқтауды жөн көрдім.

Армысыздар, ақындар Қалбадағы!

Жырымен от беретін жанға жалын.

Жаңғыртып дәстүрменен сабақтастық,

Нықтаған Жолдауменен әр қадамын.

 

Ұстаздықпен ұштаған  ақыл нәрін,

Жұмабақыт ауданға атың мәлім.

Жұматовтай баулы да жас талантты,

Жаныңа тарта жүргей  жақын бәрін.

 

Құтты болсын бүгінгі тұсаукесер,

«ШАБЫТ-та» бағыт пенен ұстаз нешеу?

Тіл ұстартып жасынан тәлім берсек,

Елжанды боп ертеңгі  ұрпақ өсер.

 

Жыр әлдилеп өмірдің атса таңы,

Тіледім мен сіздерге сәт сапарды!

Қымбат көрген бәрінен ақын атын,

Көксемеген ат-шапан,  патша тағын.

 

Сұхбаттасқан Ұзақбек Атанбаев,

«Семей таңы» 

 

 

Мақалада: «Шабыт» шығармашылық орталығының жетекшісіЖұмабақыт Рахметова

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

28.05.2025
Абай облысында балалар өз үнін жеткізді

Семей таңы – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай облысында ерекше форматтағы маңызды жиын өтті. «Бала әл-ауқаты...

Толығырақ...Details

Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

28.05.2025
Қан майданнан жазылған хаттар кітап болып жарық көрді

Семей таңы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарихи мәні терең, жүректі толқытатын тың жинақтың...

Толығырақ...Details

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

29.08.2024
Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті. «5-ші...

Толығырақ...Details

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

28.08.2024
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мәдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рәсімі өтті. Бұл оқиға көшпенді...

Толығырақ...Details

«Батыс Африка елдерінің ойыны – овариден алтын медаль алуға үміттіміз»

23.08.2024
«Батыс Африка елдерінің ойыны – овариден алтын медаль алуға үміттіміз»

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына санаулы күн қалды. Бұл ойындарда бірнеше елден келген спортшылар ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан бөлек, түріктің...

Толығырақ...Details

Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

22.08.2024
Құсбегілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында құсбегілер Ақмола облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құсбегілік (саятшылық) федерациясының атқарушы директоры Базарбек Күнтуғанның айтуынша...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрт қаптап, ауыл бос қалды»: ШҚО тұрғындары көмек сұрайды

13 часов бұрын

Абай облысының жас ұландары «Айбын-2025» халықаралық жиынында топ жарды

13 часов бұрын

Алакөлді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

14 часов бұрын

Облыс әкімі Жанай ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

14 часов бұрын

Үржар ауданының Таскескен ауылында «Ауыл – ел бесігі» фестивалі өтіп жатыр

14 часов бұрын

Көлік салығын төлеу қатаң бақылауда

14 часов бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясы өтті

3 дня бұрын

Абай облысында БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

3 дня бұрын

Оқу-ағарту министрі Семейдегі білім нысандарын аралады

3 дня бұрын

Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу аяқталды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС