"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕЛІ ТОЛҒАН  ЖЕЛ СӨЗ …

19.10.2021
ЖЕЛІ
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЖЕЛІ ТОЛҒАН  ЖЕЛ СӨЗ …

 Дәл қазір әлеуметтік желінің айдарынан жел есіп-ақ тұр. Жаңа күнін балабақшаға апаратын баласын күттіріп қойып, желідегі жұрттың амандығын білуден  бастайтын келін  де, көлік тізгінінде отырып,  жаһандағы жаңалықтарды білмесе, өзін қояр жер таппайтын жігіт те бұл күндері ешкімді таңқалдырмайтын болды. Ата мен әжелердің  немерелеріне ертегі айтып беруге уақыттары жоқ… Өйткені  қалт етіп қолы босай қалса, телефонға телміреді. Телефонды  «жастанған» күйі кірпік ілінеді.

Ал ғаламтор  жел сөздің  ұясына  айналып кетті…

Өткен аптаның соңында әлеуметтік желіде «Семейде мұғалімдер сабақты тастап   сенбілікке шыққан» деген тақырыппен республикалық басылымдардың бірінде жарық көрген мақала  жарқ ете қалғаны сол екен, желі қолданушылары үлкен қылмыс жасалғандай бірімен-бірі бөлісіп, Білім және ғылым министірінің  мұғалімдерді басқа жұмысқа пайдалануға тыйым салғанын айтып, жаңалық ашқандай жамырасты.

Елімізде соңғы жылдары мұғалімдерге ерекше қамқорлық жасалып жатқаны рас. Бірақ әр нәрсеге парасаттылықпен қараған жөн емес пе? Мұғалім де осы қаланың тұрғыны. Қала — біздің ортақ үйіміз. Ендеше, өз үйімізді  тазалау үшін  министрден немесе  әкімнен  рұқсат сұрау, немесе тыйым салу қажет пе? Ұстаздар қауымы өз қаласының тазалығы үшін көктемде бір мәрте, күзде бір мәрте қолдарына  сыпыртқы ұстаса, ештеңелері  кетпейді деп ойлаймын. Сенбіліктің  сенбі күні өткенін өзіміз де көрдік. Бұл күні мектептерде сабақ жоқ.

Атын шығару жолында жер өртеуге дайын болып жүрген біздің кейбір бауырларымыз басқа тақырып таппаған сыңайлы. Біле білсек, туған қаламызға  деген құрметтің бір түрі осы емес пе ? Оқушыларға отансүйгіштік жайлы  тағылым-тәрбие беретін  ұстаздардың  бір сенбілікке шыққандарын  сөз қылулары  әбестік деп білемін. Біле білгенге  мұғалімдер осындай  игілікті  істе өздері бастама көтерулері  керек деп ойлаймын. Оқушылар ұстаздарына қарап  бой түзейді, ой түзейді. Сондықтан жастарға үлгі болатын дұрыс істі  даудың тақырыбына айналдырмай, керісінше, қала тазалығы баршаға ортақ екенін оқушылар мен олардың  ата-аналарына айтып, осы істе  қолдау көрсету  жарасса керек.

Ұсақ-түйекті термелеп, түймедейді түйедей дауға айналдыру мұғалім мәртебесін көтермейтіні анық.

РИЗА АСАНҚЫЗЫ

Мақалада: ЖЕЛІ

Ұқсас жаңалықтар

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

29.08.2026
Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

Құрметті жерлестер! Сіздерді өткен сайлауда «ӘDILET» партиясының сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сіздердің бізге деген сенімдеріңіз! Бұл – алдағы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 день бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС