"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

06.04.2022
СЕМЕЙДЕ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

СЕМЕЙДЕ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

Семейде екі ай бойы әр апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Қаланы қыс бойы жиналған қоқыстан тазартуға қала тұрғындары, мекемелер, кәсіпорындар, бизнес өкілдері қатысуы керек. Семей қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, тазалық жұмыстары көп қабатты және жеке үйлердің аулаларында да жүргізілуі керек.

— Біз мекеме басшыларына қалада санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Әр шағын және орта бизнес нысандары мен мекемелерге жеке жер телімдерін бекітеміз. Мұндай жұмыс пәтерлер мен жеке тұрғын үй иелерімен де жүргізілетін болады, — деді Амантай Өтелбаев.

Сенбілікте қала тұрғындарына барлық қажетті құрал-жабдықтар беріліп, арнайы техника да жұмылдырылмақ. Қаланың кіреберісімен қоса, зират маңдары да тазаланып, ретке келтіріледі. Қала ішінде дезинсекциялық өңдеу жоспарланып отыр. Ол үшін биыл үш миллион теңге қарастырылған көрінеді.

— Семейде жүзден астам бейберекет қоқыс үйінділері бар, олардың барлығын шығару керек. Бұл бағытта да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дезинсекциялық жұмыстар 20 сәуірден кейін басталады. Аталмыш жұмыстарды жағалауларда, су қоймаларының айналасында, Бейбітшілік аралында, 1-ші ықшам ауданда өткіземіз, — деді ТҮКШ бөлімінің басшысы.

Брифингте сонымен қатар Орталық саябақтағы жөндеу жұмыстары жайлы да сөз болды. Амантай Өтелбаевтың айтуынша, саябақты жөндеу жұмыстары бұрынғыдай ауқымды болмайды, жұмсалатын қаржы көлемі де көп емес. Биыл жасыл желекті суаруға арналған құбыр мәселесі шешімін таппақ, сонымен қатар электр желісін іске қосу жоспарланып отыр. Саябақта орнатылған архитектуралық элементтерді бояп, реттеу керек және тақтатастардың негізіне инертті материалдар төсеу қажет.

Айта кетерлігі, жөндеу жұмыстары кезінде саябақ ашық тұрады.

— Мамандармен бірге екі рет саябақта болдым. Демалыс күндері барып, жөндеу керек жерлерді қарадық. Бояу, жуу, кейбір элементтерді түзету сынды жұмыстар бар, косметикалық жөндеу жүргізу қажет. Сондай-ақ саябақта шұңқырлар бар, сондықтан біз тротуардағы тақтатастардың негізіне инертті материал төсейміз. Саябақта субұрқақ бар, ол жұмыс істеп тұр. 9 мамырдан кейін біз оны қосамыз, субұрқақ жазғы кезеңде жұмыс істейді.

Сонымен қатар силикат кірпіштен дәретхана салу да жоспарда бар. Саябақты күтіп ұстауға «Зеленстрой» ЖШС жауапты болады. Сондай-ақ «Sungig Service» ЖШС мердігер ретінде таңдалды. Бұл ретте өткен жылы жүргізілген сот тергеулеріне сәйкес саябақты абаттандырумен «Еңбек Семей» РМК — де айналысатын болады. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Жөндеу жұмыстары кезінде саябақты жаппаймыз, — деді брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Саябақта сонымен қатар газон отырғызылып, қураған ағаштардан тазартылады.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың айтуынша, Семейде 5 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарлануда. Алдағы уақытта қаланың дендрологиялық жоспары жасалмақ.

– Орындарды анықтаймыз, әзірлемелер бар. Барлығы қаржыландыруға байланысты. Дендрологиялық жоспар жасалады. Бүкіл қаланы қамту керек. Қаланы бөліктерге бөлеміз. Алдымен орталық бөлігін, сосын сол жағалау мен шеткі бөлігіне кірісеміз, – дейді Амантай Өтелбаев.

Өткен жылы оң жақ бұрылыстарды орнату кезінде кесілген ағаштардың орнына көшеттер отырғызылатын болады.

— Өткен жылы қалада көлік нөпірін азайту үшін оң бұрылыстар жасалды. Осы жұмыстар кезінде бірқатар ағаш кесілді. Биыл кесілген ағаштардың орнына ағаш отырғызатын жерлерді анықтаймыз. Яғни кесілген бір ағаш орнына он ағаш отырғызу керек болады. Сондай-ақ мүмкіндігінше, оң бұрылыстардың бойындағы аумақ абаттандырылатын болады. Жабайы өсетін шетен ағаштарын, ал үлкендеу аумақтарға пирамида тәрізді теректерді отырғызамыз. Мүмкіндігінше газон егеміз немесе тротуар төсейміз, — деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев.

Сонымен қатар қала алаңдарында гүл егу жоспарлануда.

Өз тілшіміз

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: СЕМЕЙДЕ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

19 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

20 часов бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС