"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

23.02.2023
КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көкпекті – облысымыздағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі.  Бұл орайда ауданды басқарып отырған тәжірибелі әкім Ділдәбек Оразбаевтың іскерлігін де ерекше атап өткен жөн. 21 ақпан күні Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ділдәбек Тәжібайұлы ауданның дамуын ілгерілету  бағытында қолға алынып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

 

Егін шаруашылығында соңғы технологиялар қолданылуда

 

Аудан әкімінің айтуынша, 2022 жылы Көкпекті ауданында  86 901 гектар егістік жер игерілген. Оның ішінде 56 мың гектарға дәнді дақылдар, 31 гектарға майлы дақылдар егіліп, орта есеппен гектарына 10 — 11 центнерден өнім алынған.

— Былтыр жауын-шашынның аздығына және ауа райының қолайсыздығына байланысты,  орта есеппен гектарына 10 центнерден өнім алдық. Биыл өнім көлемі жоғары болады деп жоспарлап отырмыз. Ауданда күнбағыс өсіру жақсы дамыған. 31 мың гектар жерге күнбағыс егілуде,- деді аудан әкімі Д.Оразбаев.

Ауданда егін шаруашылығы саласында соңғы технологиялар қолданылуда.

— Өзім осы саланың маманы  болғаннан кейін жаңа технологияларды өндіріске енгізуге мән беремін. Әзірше ауданымызда егін шаруашылығы саласында нөлдік технологияны қолданып жатқандар саусақпен санарлық. Дегенмен өз нәтижесін беруде. Бұл технология шығындарды азайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Биыл тағы бірнеше шаруа қожалықтарына осы технологияны енгіземіз. Сонымен қатар жоғары сортты, элиталы, супер элиталы  тұқымдарды егу бағытында жұмыстар жүргіземіз. Қазірдің өзінде супер элиталы  тұқымдар сатып алынды, – деді Д.Оразбаев.

Аудан әкімі сондай-ақ интенсивті технологияны қолдану арқылы аз жерден көп өнім алуға көшуді қолға алатынын жеткізді.

Көкпекті ауданында 3000 гектар жерді жаңбырлатып суғару жоспарлануда.  Биыл «Елім-ай» ЖШС-де 1000 гектар жер жаңбырлатып суғарылады.

— «Елім-ай» ЖШС-де 12 жаңбырлатып суғару техникасы іске қосылды.  Қожалық тағы 10 жаңбырлатып суғару машиналарын орнатуды жоспарлауда. Сонымен қатар осы жылы «Өрнек» ЖШС-де 6 жаңбырлатып суғару машинасы қойылады. Жоспарымыз жүзеге асса, дақылдардан, шөптен мол өнім алынып,  бағасы арзандайтын болады,- деді Д.Оразбаев.

Сонымен қатар осы жылдан бастап ауданда жайып суғару (лиманное орошение) әдісі қолданылмақ. Аудан бойынша бұл әдіспен 21 830 гектар жерді суару көзделіп отыр.

Айта кетейік, Көкпекті ауданында 2022 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі  36 млрд 704 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 107,9 пайызды құрады. Оның 13 млрд теңгесі өсімдік шаруашылығына, 24 млрд теңгесі мал шаруашылығына тиесілі.

 

Екі сүт-тауарлы ферма мен сүт өңдейтін зауыт ашылады

 

Баспасөз мәжілісі барысында Ділдәбек Оразбаев сүт өндірісімен айналысатын «Өрнек» ЖШС-де 460 басқа арналған екі сүт-тауарлы ферма ашылатынын айтты.

— Өткен жылдың соңында облыс әкімі Н.Ұранхаев «Өрнек» ЖШС-де болып, жұмысымен танысты. Алдағы жылдары серіктестікте барлығы 920 басқа арналған екі сүт-тауарлы ферма жұмысын бастайды. Келесі жылы сүт өңдеу зауытын ашу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осылайша, күніне 30 тонна сүт өңделіп, Семей қаласы мен өзге аудандарға сатуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспарлы шаралар 2023-2024 жылдары  жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар мақұлданып, ауыл шаруашылығы басқармасымен келісілді,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ Көкпектіде балық, шұжық зауыттары  ашылмақ.

— Ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында Тассай ауылында 300 млн теңгеге балық зауыты салынуда.  Зауыт биыл қыркүйек айына қарай іске қосылып, 50-60 адам жұмыспен қамтылады, — деді аудан әкімі Д. Оразбаев.

Сонымен қатар тай етінен шұжық жасайтын цех салынбақ.

Биыл сонымен қатар Көкпекті ауылындағы «Султман» шаруа қожалығында мал сою алаңын салу, тері өңдеу цехын ашу және Тассай ауылында мал сою алаңын салу жоспарлануда.

Айта кетейік, ауданда Симментал тұқымды сүтті бағыттағы және Герефорд — қазақтың ақбас тұқымды етті бағыттағы ірі қара малдары өсіріледі. Өткен жылы 8 мың тоннаға жуық ет, 51 мың тоннаға жуық сүт, 5800 дана жұмыртқа өндірілген.

 

Жағалау салынады

 

Биыл Көкпекті ауданында бес ауыл — Биғаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай, Қараймойыл ауылдары орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Бұл бағытта 2 млрд 200 млн теңге бөлінген. Келесі жылы тағы 4 ауылда су құбырлары тартылады.

— Ауылда халықтың тұрақтап қалуы үшін су, жол, мектеп, балабақша, емхана мәселелері шешілуі керек. Бүгінгі күні аталған ауылдарға таза ауыз су тарту бойынша барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер компания анықталды.  Көктемгі мезгілде жұмыстар басталады,- деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Үлгілімалшы, Үшкөмей, Қарамойыл ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарлануда.

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев айтып өткендей, биыл Шәріптоғай, Толағай ауылдарына кіреберіс жолға,  Көкжайы — Үлгілімалшы, Преображенка — Шұғылбай ауылдары арасындағы жолдарға асфальт төселіп, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында Көкпекті ауылында ұзындығы 5 шақырым көше, Үлкенбөкен,  Преображенка, Черноярка ауылдарының  бір-бір көшелері орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ Заречка — Көкпекті арасында көпір салынып, аудан орталығында тұрғындардың серуендеуіне арналған ұзындығы 1 шақырым болатын жағалау жасалады. Алдағы уақытта оның ұзындығын 3-4 шақырымға дейін жеткізу жоспарлануда.

 

Бүлдіршіндер балабақшамен қамтылады

 

Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, Мамай, Романовка, Преображенка, Биғаш ауылдарында 20-25 бүлдіршін, Көкпекті ауылында 40-тан астам бүлдіршін балабақша кезегін күтуде.

Аудан әкімі айтып өткендей, 1 наурызда Биғаш ауылында толық күнді балабақша, Көкжайық ауылындада «Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасында 21 баланы қамтитын толық күнді топ ашылады.

— Өткен жылдың соңында Ақой ауылында 25 орынға арналған балабақша ашылды. Жалпы, күзге дейін 170-180 баланы балабақшамен, шағын орталықтармен қамтимыз. Сонымен қатар Биғаш ауылындағы негізгі мектепті орта мектепке айналдыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Қазірдің өзінде жоғары сыныптарға 80-ге жуық оқушы жиналды,- деді аудан әкімі.

 

Дарынды балаларға арналған мектеп пен лицей, музыка және өнер мектебі болады

 

Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебі дарынды балаларға арналған мектепке, Жақия Шайжүнісов атындағы мектеп лицейге айналады.

—  Ауданға дарынды балаларға арналған мектеп, лицей қажет. Аталған мектептерде білім сапасы өте жақсы. Бұл мұғалімдердің біліктілігі мен жалақысын көтеруге, оқушылардың білім сапасын арттыруға оң ықпал ететіні сөзсіз, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар Көкпекті ауылында екі қабатты заманауи музыка және өнер мектебі салынады. Мұнда вокал сабақтары, музыкалық аспаптар, хореография, сурет үйірмелері жұмыс істейтін болады. Аудан әкімінің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттар дайындауға қаржы бөлінген.

Биыл сондай-ақ Көкпекті ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерде «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің 60 орындық үш қабатты заманауи ғимараты бой көтермек. Қазіргі уақытта демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. «Балерке» балабақшасы жанынан қосымша ғимарат салынады.

— Биыл Преображенка, Жансүгіров, Биғаш орта мектептерін және Әуезов атындағы орта мектепті, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенін, Шәріптоғай негізгі мектебін жөндеуден өткізу, Преображенка орта мектебінде химия кабинетін, Жансүгіров атындағы орта мектепте биология кабинетін, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде  биология кабинетін ашу жоспарлануда. Алдағы уақытта ауданда техникалық мамандықтарға арналған колледж ашуды да қолға аламыз,- деді Д. Оразбаев.

 

Мәдениет пен спорт саласы

 

Биылғы жылы Көкпекті ауданында демеушілер есебінен «Толағай сұлтаны» халықаралық спорт-мәдени сайысы, «Толағай таланттары» атты халықаралық әншілер фестивалі өтеді.

— Осыған байланысты ҚХР, Моңғолия, Түркия, Ресейдегі қандастарымызбен елшіліктер арқылы байланысып отырмыз. Сонымен қатар биыл республикалық ақындар айтысы да ұйымдастырылмақ,- деді аудан әкімі Д.Оразбаев.

Аудандағы туризмді дамыту мақсатында өткен жылы Бөдес Ата мазарын демеушілер есебінен абаттандыру жұмыстары басталды.  Биыл жалғасын табатын болады.

— Тассай ауылының азаматтары бұл іске білек сыбана кірісіп кетті. Бөдес Ата кесенесін ашқан соң оны еліміздің киелі орындар қатарына қосу да жоспарымызда бар,- деді аудан әкімі Д.Оразбаев.

Айта кетейік, бүгінгі күні ауданда 1 мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, 9 кітапхана жұмыс істеуде. Мемлекеттік — жекеменшік есебінен өткен жылы  Шұғылбай ауылында 150 орындық, Шәріптоғай ауылында 100  орындық ауылдық клуб ашылып, Үлкенбөкен ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, аудандық мәдениет үйі 15 млн теңгеге қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды.  Сонымен қатар былтыр Ажа мен Теректі ауылдарында футбол алаңы салынып, Көкжайық ауылындағы спорт залына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Көкпекті ауылында екі балалар футбол алаңы пайдалауға берілмек. Сонымен қатар наурыз айында ұлттық ойындарды насихаттайтын ұлттық спорт ойындары мектебі ашылады деп күтілуде.

Мақалада: КӨКПЕКТІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 249 сәйкес емес өнім сатылымнан алынды

28.02.2025
Абай облысында 249 сәйкес емес өнім сатылымнан алынды

Абай облысында сапасыз және талапқа сай келмейтін тауарларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. • Өткен...

Толығырақ...Details

Өңірде мемлекеттік қызметкер саны 300-ге жуық адамға артты

18.02.2025
Өңірде мемлекеттік қызметкер саны 300-ге жуық адамға артты

Абай облысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту және халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Абай облысының тұрғындарына сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 28,3 миллион теңге қайтарылды

11.02.2025
Абай облысының тұрғындарына сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 28,3 миллион теңге қайтарылды

Өткен жылы өңір тұрғындары тұтынушы құқықтарының бұзылуына бірнеше рет тап болған. Олар сапасыз тауарларды қайтаруға, бағаның шектен тыс жоғары болуына...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС